01
сентябрь
2024
Бүгін лицейімізде алғашқы қоңырау мерекесіне арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын болып өтті.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Бүгін лицейімізде алғашқы қоңырау мерекесіне арналған "Мектебім - мейірім мекені" атты салтанатты жиын болып өтті. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 157 оқушыға білім ордасы есігін айқара ашты. Кішкентай бүлдіршіндеріміз бен мектебіне сағынышпен оралған 11-сыныптың 43 оқушысына салтанатты жиынның құрметті қонақтары ақ тілектерін арнады. Құрметті қонақтардың қатарында Өскемен қаласы бойынша "Педагогикалық шеберлік орталығы" филиалының директоры - Гульфарида Бабакумаровна болды. Барлық ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларымызды 2024-2025 жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жыл лицей тарихында қалатындай табысты жылдардың бірі болсын! Құрметпен, лицей әкімшілігі. #Bilim_qun