01
сентябрь
2023
2023 жылдың 1 қыркүйек күні лицейімізде «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Құрметті де аяулы ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Арайлы жаздың үш айын өткізіп, алтын ұя лицейімізге сағынышпен келіп отырған оқушыларымызды жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймыз!
2023 жылдың 1 қыркүйек күні лицейімізде «Мектебім - мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді. Мерекелік іс-шараға Өскемен қаласының әкімі Омар Жақсылық Мұқашұлы және Өскемен қалалық маслихат депуттаттары қатысып, қонақтарды, ұстаздар қауымын және оқушыларды мерекелерімен құттықтады.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз өлеңдерін оқып, қонақтардың көңілінен шықты. Әріп танытып, қолдарына қалам ұстауды үйрететін ұстаздары балауса балғындарымызды құшақ жая қарсы алды. Жаңа оқу жылында баршаларыңызға толағай табыстар және қажымас қайрат тілейміз!