03
май
2023
Лицейіміздің бітіруші түлектерімен "Өзіңді де, өзгені де қорға!" тақырыбында ауқымды тәрбие сағаты өткізілді.
"О. Бөкей атындағы №44 лицей" КММ Лицейіміздің бітіруші түлектерімен "Өзіңді де, өзгені де қорға!" тақырыбында ауқымды тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіктің түрлері, шығу төркіні, себептері, оны болдырмау жолдары туралы тақырыптар қозғалды. 11"М" және 11"Ж" сыныбының түлектері осы мәселеге байланысты ойларымен бөлісіп, пікірлерін ашық айтты. Қазіргі қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы қатігездікке байланысты алдын алу шаралары бойынша ұсыныс пікірлерін білдірді. Тақырып тереңінен талданып, хакім Абайдың "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" деген пікірімен қорытындыланды. Сынып жетекшілер: Д. О. Баймулдинова, Б.О. Мұсақанов.