06
октябрь
2023
ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ! Ырыс пен несібесі мол берекелі күз - ұстаз бен шәкіртті қауыштыратын ерекше мезгіл.
ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, ҰСТАЗЫМ!
Ырыс пен несібесі мол берекелі күз - ұстаз бен шәкіртті қауыштыратын ерекше мезгіл. Барлығымыз сағына күткен жез қоңырау үнімен басталатын жаңа оқу жылының қарбаласқа толы қыркүйек айы да артта қалды. Өзіндік салмағы мен орны бар, білімнің асқар шыңына жетелейтін ұстаздар қауымының мерекесі - қазан айының үлесіне тиген ұлы мереке.
Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя мектебін әр шәкірт әрдайым үлкен сағынышпен еске алары сөзсіз.
Осындай шәкірттің бірі ретінде атаулы мереке қарсаңында Ұстазымды құттықтау жыл сайынғы әдетіме айналған.
Ол - ұрпақ тәрбиелеу жолында бар күш-жігерін аямаған, саналы ғұмырын шәкірттерге арнаған аяулы жан. Ол - ұстаздық жолына шын пейілмен кірісіп, шәкірттердің алғысына бөленген жан. Ол- осынау ұлы есімге титтей де кір келтірмей, керісінше, оны абыроймен алып жүрген жан. Ол - менің ұстазым, 5-сыныптан бастап сынып жетекшім болған Жылкыайдарова Күмісжан Тоқтамысқызы.
Тұлға болып қалыптасуыма, өмірде өз орнымды табуыма тікелей себепкер болған ұстазыма жылдар өтсе де, жанарынан нұрының таймауын, денсаулығының мықты болуын, шәкірттерінің алғысына бөленіп, аман-есен жүре беруін тілеймін!
Қай заман, қай ғасыр болмасын білім көшін алғы жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына деген құрмет арта берсін!
Лицей директоры: Ж.Назарбаева
#ұстазымменіңұстазым💐💐