22
сентябрь
2023
Еңбек күніне орай, лицейімізде қазіргі таңда зейнетке шыққан әртүрлі сала өкілдерімен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты кездесу өтті.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
Еңбек күніне орай, лицейімізде қазіргі таңда зейнетке шыққан әртүрлі сала өкілдерімен «Ардагерлерді ардақтайық!» атты кездесу өтті. Кеш қонақтары: 1. Сержанова Альмира Ахметкаримовна – 2001-2016 жылдары аралығында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Пробация қызметтерін басқару бөлімінде инспектор болып жұмыс істеген.
2. Қашқынбаев Тельман Серікболұлы - Еңбек жолын биология-география пәні мұғалімі болып бастап, директорлық қызметтер атқарған. 1997 жылы Қазақстан Республикасының білім беру үздігі төс белгісімен марапатталған.
3. Хамзин Жомарт Құмарбекұлы – 1976 жылғы Алматы қаласындағы Ауылшаруашылық институтының Механика факультетінің түлегі. Ауылшаруашылық техника пәнінен мұғалім болып жұмыс атқарған. 2005-2020 жылдары Шығыс Қазақстан «Агромаркетинг» басшысы болып жұмыс істеген.
Бұл кездесудің басты мақсаты: оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесе отырып, мамандықтың құндылығы мен маңызын түсіндіру. Кездесу барысында оқушылар қонақтармен пікірлесіп, мамандыққа байланысты қызықтырған сұрақтарын қойып, қызықты жауаптар алды. «Мамандықты дұрыс таңдау – өмірдің бір кірпішін дұрыс қалау»,-деген ойды назарға ала отырып, бүгінгі кездесуден оқушылар қажетті ақпараттар алып, мамандықтың өмірдегі маңызын тереңнен түсінді деген сенімдеміз.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М