01
март
2023
"Алғыс айту" күніне орай "Мен көпұлтты Қазақстанның азаматымын" атты достық үйінің этномәдени өкілдерімен кездесу өтті.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Алғыс айту күні - бірлік пен татулық мерекесі, қилы тарихты басынан кешірген Қазақстан халқының бір-біріне деген ілтипатын білдіретін күн, бауырмалдық пен сыйластық күні.
2023 жылдың 27 ақпанкүні лицейімізде "Алғыс айту" күніне орай "Мен көпұлтты Қазақстанның азаматымын" атты достық үйі-қоғамдық келісім орталығының этномәдени өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу ең бірінші лицейіміздің талантты оқушыларының өнер көрсетуімен басталды. Бұл кездесуіміздің мақсаты: елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт-дәстүрін, мәдениетін, ұттардың үлгі өнегесін, оқушылардың бойына сіңіру.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Қонақтарымыз лицей оқкшыларынан қалыс қалмай әуелетіп ән салып, өздерінің ұлттық аспабында күй ойнап, мың бұралып би билеп өз өнерлерін де паш етті. «Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, ұйым жоқ болса, күйің жоқ» – демекші, бірлігіміз жарасып, достығымыз мәңгілік болсын дегіміз келеді.