06
сентябрь
2023
«ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясынан» мамандар келіп, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
2023 жылдың 6 қыркүйек күні лицейге кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу аясында «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясынан» мамандар келіп, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Онда оқуға түсу үшін ҰБТ-дан 50 балл жинап, шығармашылық емтиханнан өтсе болғаны. Шығармашылық емтихандар төмендегідей: ұзындыққа секіру, жүгіру, кермеге тартылу.Оқу мерзімі 4 жылды құрайды. Бакалавриатты аяқтағаннан кейін білімін жоғарлатуға болады. Шекара қызметінде білім алушылар қыста 15 күн және жазда 30 күн демалысқа шығып, киім-кешек, тамақ, шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, оқуға түсудегі басты назар білім алушылардың денсаулығына қойылады. Бүгінгі кездесуде оқушылар осы қызметті атқарушылардың өмірімен танысу мақсатында бейнеролик тамашалап, сұрақтар қойып, қажетті ақпараттармен танысты.
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
Кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М