25
январь
2021
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 9-сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында онлайн кездесу өтті
22 қаңтар күні лицейімізде 9-сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында Өскемен жоғары политехникалық колледжімен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында Өскемен жоғары политехникалық колледжінің қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мұратбекова Еркежан Мұратбекқызы аталмыш оқу орны бойынша толық мәлімет беріп,оқушыларымыздың сауалдарына жауап берді.