15
март
2023
22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Еліміз тыныш болсын!

"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Қазақ халқының салт-дәстүрі мен тарихынан сыр шертетін, айналаға шұғылалы шуағын төгетін Наурыз мерекесі барша халыққа шаттық пен қуаныш сыйлары анық. Аталған мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында жасалып жатқан шаралар қаншама. Ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардан тыс қалған жан жоқ деуге болады. Ұлы даланың ұлық мерекесін атқаруда ата-аналарымыздың да белсенділігі ерекше. Лицейіміздің ауласына кіріп, табалдырығынан аттай бере мерекелік көңіл-күй сезіліп-ақ тұр. Әрбір кафедраның ерекше әсемдікпен, талғаммен жасаған безендіру жұмыстары мен тарихи-танымдық көрмелері келген қонақтардың ғана емес лицей ұжымы мен оқушылардың таным көкжиегін толтырып, көңілдерін көтеріп тастағандай.
Ендеше, мереке құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Еліміз тыныш болсын!