16
март
2023
Көрісу күнінде көршіміз №24 орта мектебін мерекемен құттықтауға барып қайтты.

"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі " КММ
22 Наурыз қашанда ынтымақ пен берекенің, молшылық пен тоқшылықтың мерекесі болған.
Наурыз мерекесі- барлық игіліктің бастауы. Аталған мереке қарсаңында аталып өтілетін Көрісу күнінің де маңызы зор.
Көрші елдермен, көрші ауылмен, көрші үймен бірлікте болу қазақтың қашандағы әдеті.
Осы орайда лицей ұжымы шағын ауданымызда орналасқан көршіміз №24 орта мектебін Амал мерекесімен құттықтауға барып қайтты. Мектеп ұжымы аса жоғары қонақжайлықпен қарсы алып, мерекеге арнаған дайындықтарымен бөлісті.
Табан астынан орын алған ақындар айтысы мереке көркін қыздыра түсті.
Ұжым өкілдері бір-біріне жақсы тілектерімен қоса ән-жырларын тарту етті.
Береке-бірлігіміз барда бұл дәстүр жалғасын таба бермек