Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 қаңтар күні біздің мақтаныштарымыз, 2020 жылы лицейден түлеп ұшқан түлектерімізбен кездесу өтті.
17
январь
2023

16 қаңтар күні біздің мақтаныштарымыз, 2020 жылы лицейден түлеп ұшқан түлектерімізбен кездесу өтті.

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ
16 қаңтар күні біздің мақтаныштарымыз, 2020 жылы лицейден түлеп ұшқан түлектерімізбен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты: 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағыт-бағдар жүргізу. 2020 жылы бітірген түлектер ҰБТ-дан ең жоғары баллдарды жинап бір қуантса, көбі грантқа түсіп екінші рет қуантқан болатын. Бүгінгі кездесуді лицей директоры: Назарбаева Ж.Қ. түлектерге құттықтау сөзімен бастап, 5 “Г” сыныбы квартеті орындауында “Егемен елім”, 5 “в” ,4 “б” сынып оқушылары орындауындағы “Ұстазым” әнімен концерттік бағдарламалар болды. Лицейге оқу бітірген 17 шәкіртіміз келді. Олар: Жомартқанов Диас, Төлеубек Бекзат, Тухметов Дархан, Керімбеков Қайсар, Серік Біржан, Байборинов Алишер, Айдар Малика, Нұрахмет Ерхат,Сейлканова Сабина Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері, Есенгельдина Диана С.Асфендияров атындағы медицина университеті, Жумаканов Алишер КАСУ, Қалибекқызы Тоғжан Сүлеймен Демирел университеті, Аязбекова Аяжан, Нурдыбекова Дария С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері, Қайрғазина Аяулым Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті студенті. Түлектер оқушылармен танысып, мамандықтары және ол мамандықтың қандай маңызы бар екенін айтып, оқушыларды қызықтыра алды. Оқушылар: ҰБТ-дан жоғары нәтижеге қалай жетуге болады? Мамандық таңдауда отбасы ықпалы көп болды ма? Оқу орынына таңдауды қалай жасадыңыз? Мамандығыңыздың қоғамға пайдасы қандай? Грантқа түскеннен кейін осы мамандық таңдағанға өкіндіңіз бе? т.б көптеген сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Ең бір қызықты сұрақ: -Лицейдегі қызықты оқиғаларыңыз,-дегенде түлектер езу тартып, өткен оқиғаларын бөлісіп, жүзімізге күлкі сыйлады. Барлық түлектерге келгендері үшін алғыс айта отырып, келешекте мықты маман иесі болуларына тілектеспіз!

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
Кәсіптік бағдар беру жұмсын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М
Тәрбие кафедрасының меңгерушісі: Мухажанова М.А
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив