Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ
02
сентябрь
2022

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»КММ

Оқушыларымыздың жазғы демалыс уақыты көзді ашып-жұмғанша өтіп, міне тағы бір жаңа оқу жылы келіп жетті. Алтын ұя лицейіміз өз шәкірттеріне құшағын айқара ашып, лицей әкімшілігі мен ұстаздар қауымы оқушыларын сағынышпен қарсы алды. Осы мерекеде 9 және 10- сынып оқушылары үшін «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшілер оқушыларға патриотизм, өз Отанын шексіз сүю мен құрметтеу, барлық жетістікке жетудің ең негізгі алғышарттары білімге ұмтылу мен еңбексүйгіштік екендігі жайлы танымдық ақпараттар берді. Сондай-ақ, тәрбие сағатында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы, ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы, батырлық пен ерліктің озат үлгісі Бауыржан Момышұлы, атақты жазушы Мұхтар Әуезов секілді ұлы тұлғалардың қанатты сөздері мен өсиеттері талданып, оқушылар өз ойларын бөлісті.
Тәрбие сағатының келесі бөлімінде ағымдағы жылдың Ішкі істер мен Оқу - ағарту министрліктерінің арасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен бірлескен отырыста Ішкі істер министрі, полиция генерал - лейтенанты М.М.Ахметжановтың барлық білім беру мекемелерінде “Жалпы құқықтық білім беру сабағын” өткізу тапсырмасы негізінде лицейімізге Солжағалау полиция бөлімі, Анықтау бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Бауыржанұлы Біржан мырза келіп, оқушылармен құқықтық-тәрбиелік дәріс өткізді. Біржан Бауыржанұлы қылмыстық жауапкершіліктің жас мөлшері, есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың, алаяқтықтың құрбаны болып қалмау, өз құқықтарын қорғай білу, заң білмеушіліктің жауапкершіліктен құтқармайтындығы жөнінде ашық әңгіме жүргізіп, ертеңгі өз болашақтарына өздері ғана жауапты екендігіне баса назар аударды. Бұл сұхбат оқушыларымызға үлкен ой тастады. Тәрбие сағаты оқушылар үшін өте құнды болды деп есептейміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив