20
декабрь
2021
"Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі" КММ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында лицейіміздің 9-"А" сынып оқушысы Болатов Бексұлтан Елдосұлы Өскемен қаласы әкімдігінің жүлдесіне арналған дзюдо, грек-рим және еркін күрестен "OSKEMEN CUP" І ашық қалалық командалық турниріне қатысып, 1-орынды жеңіп алды. Бексұлтан қала әкімі Жақсылық Омар мырзаның арнайы дипломымен марапатталып, 150 000 теңге сертификат иеленді. 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы бұл турнирден дара шауып, озып шыққан Бексұлтанды үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Бексұлтанға мықты денсаулық пен толағай табыстар тілейміз.
Сынып жетекшісі: Қ.Б.Шуленова
Сынып жетекшісі: Қ.Б.Шуленова