20
декабрь
2021
"Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі" КММ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында лицейіміздің 9-"А" сынып оқушысы Рамазанова Аружан Асхатқызы Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен "Алау-2021" жастар форумында "Үздік оқушы" номинациясын жеңіп алды. Аружан қала әкімі Жақсылық Омар мырзаның арнайы дипломымен марапатталып, 50 000 теңге сертификат иеленді. Қала мектептерінің ішінен дара шауып, озып шыққан Аружанды үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз. Аружанға мықты денсаулық пен толағай табыстар тілейміз.
Сынып жетекшісі: Қ.Б.Шуленова
Сынып жетекшісі: Қ.Б.Шуленова