28
сентябрь
2021
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз, қарымды қаламгер Әлібек Асылбайұлы Асқаровпен онлайн кездесу.
[center]

[center]

"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз, қарымды қаламгер Әлібек Асылбайұлы Асқаровпен онлайн кездесу өтті. «Алтайдың асыл ұлдары» деп аталған онлайн кездесуде жазушы өзінің әдебиетке келуі, шығармашылығы жайлы, сонымен қатар әдебиеттегі досы, сөз өнерінің шебері Оралхан Бөкей туралы ой толғады. Алтайдың бауырында туған ұлдардың балалық, жастық шақтары, әдебиет әлеміндегі жылдары туралы айтқан естеліктері кешегі күндердің бүгінге жеткен ақиқаттары іспеттес. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала отырып, жазушы айтқан әңгімені ұйып тыңдады. Кездесу сәнін аша түскен, оқушылар зор мақтанышпен орындаған «Өр Алтайдың қыраны» әнін Әлібек аға үлкен тебіреніспен қабылдап, ризашылығын білдірді.