Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
22
сентябрь
2021

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ

«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
Біздің кенді Алтай аймағы, шырайлы Шығыс өлкесі өнерден кенде емес екені өздеріңізге аян. Туған жеріміздің өнер өлкесінде, әдебиет әлемінде тұғырын биіктетіп, туын желбіреткен өнер тарландары қаншама!
Өмірден өзі өтіп кетсе де, соңында өшпес із, асыл сөз маржандарын қалдырып кеткен, халқымыздың әдебиетінің өркендеуіне зор үлес қосып, төрткүл дүниеге паш еткен Оралхан Бөкей есімі біздер, яғни «Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ ұжымы үшін зор мақтаныш.
Қаламызда қарымды қаламгеріміздің ескерткіші қайта өңделіп, бой көтергені көңілімізге қуаныш ұялатты. Өр мінезді өр Алтайдың ұлы ұрпақтарына, еліне Мұзтаудың құзар басынан көз салып қарап тұрғандай...
Түсіпхан Түсіпбекұлы, Қалқаман Сарин, Әлібек Қаңтарбаев сынды өнер көшін ілгері бастырған ағаларымыздың ізін жалғап келе жатқан ақындар Әскерхан Ақтай, Серік Қуанған, Аян Калымбек, қылқалам иесі Мерей Қайнар азаматтарымыз да Оралхан рухына бас иіп, осы шараның басы-қасында жүрді.
Облысымыздың көшбасшы азаматтары бастаған игілікті шараға зор алғысымызды білдіре, жазушы құрметіне ашылған ескерткішке гүл шоқтарын қойдық.
Жерлес жазушымыздың ұлағатты ісін жалғастырар талапты да талантты ұл – қыздарымыз өсе бергей!


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив