Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты ғылыми конференция өтті.
21
февраль
2020

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты ғылыми конференция өтті.

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейде 2020 жылғы 13 ақпанда хәкім Абайдың (Ибраһим Құнанбаев) туғанына 175 жыл толуына арналған «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!» атты ғылыми конференция өтті.
Ғылыми конференцияға лицейіміздің жаратылыстану және бастауыш сынып әдістемелік кафедра мұғалімдері қатысты. Конференция мақсаты:. Абай сөздерінің әр сөзіне үңіліп қарау, оның әр сөзінен үлкен ғибрат, өнеге, ұлы сабақ алу және Абай өзінің саналы ғұмырында ылғи да адамгершілік, халықты адамшылыққа тәрбиелеу адам құқының басты мақсаты екенін аңғарту.
Әрқайсымызға Абайды тану – мұрат, ол шыққан шыңға шығу – парыз екендігін көрсету.
Ғылыми практикалық конференцияға бастауыш сынып мұғалімдері Ағыбаева Б А: «Абай тілінің тәрбиелік мәні», Карпаева Н К: «Абай қара сөздеріндегі ар – ұят және адамгершілік мәселесі», Жаныбекова Г Б: «Абай өмір жолы мен философиясы» және география пәнінің мұғалімі Демчинов К Қ «Абай шығармаларының география пәнін оқытудағы эстетикалық маңыздылығы» тақырыбында конференцияға қатысты
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» — тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.
Конференция соңында қатысқан мұғалімдерге К. К. Демчинов І орын, Н.К. Карпаева ІІ орынГ.Б. Жаныбекова , Б.А Ағыбаева ІІІ жүлделі орындар беріліп, мақтау қағазымен марапатталды. Конференция соңында тыңдаушы мұғалімдерден «Абайды бүгін қандай қырынан таныдыңыз?» сұрағы көлемінде кері байланыс жүргізілді. Мұғалімдер Абайдың қара сөзі болсын, өлеңдері болсын кез келген пәнде пайдалануға болатынын және оқушыларымызды Абайдың жүрек тазалығына тәрбиелеп өсіреті болсақ жарқын болашаққа жететініміз анық екенін айтып өтті.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив