Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 13.02.2020ж. күні "Жүректің көзі ашылса..." атты Абайдың 17 қара сөзіне Ой толғаныс өтті.
18
февраль
2020

13.02.2020ж. күні "Жүректің көзі ашылса..." атты Абайдың 17 қара сөзіне Ой толғаныс өтті.

Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ
МИФ, ағылшын пәндер кафедрасы

Жүргізуші 1: Құрметті ұстаздар Қазақтың біртуар азаматтарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана, ғұлама , қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған
 “ Жүректің көзі ашылса ...”атты ойтолғауымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші 2 :Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқымаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.
Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!
Жүргізуші 1: 



Мырзагелді Кемел айтқандай :
«Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».
Жүргізуші 2:
- Құрметті ойтолғауға келіп отырған қонақтар , сіздер осының қайсысына жатаcыздар?
 - Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.
 - біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз. Біраз өлеңдерін, қара сөздерін оқып білгенбіз,өмірімен танысқанбыз
-Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай Абайды оқымаған бізге сын болатын шығар.
Жүргізуші 1: Олай болса,сіздерді Абай атамыздың 17-қара сөзімен де таныс деп ойлаймыз.
Бейнекөрініс /17-қара сөзі /

 І топ.«Жүрек»

ІІ топ.«Қайрат»

ІІІ топ.«Ақыл» 
13.02.2020ж. күні "Жүректің көзі ашылса..." атты Абайдың 17 қара сөзіне Ой толғаныс өтті.

Дәлелде: Мұнда әр топ өзінің атына сәйкес, яғни “Ақыл” тобы ақылдың айтқанын, «Қайрат» тобы қайраттың айтқанын, «Жүрек» тобы жүректің айтқанының дұрыстығын өз сөзімен, өмірмен байланыстырып дәлелдейді.
/ «Желсіз түнде жарық –ай» әні шырқалып тұрады /
Жүргізуші 1: Иа, дұрыс айтасыздар, бұл мәселелер Абайдың осы қара сөзінде ғана емес, көптеген өлеңдерінде де сөз болады.


Жүргізуші 2: «Әуелде бір суық мұз, ақыл, зерек» деген өлеңінде Абай:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жолда жоқ жарым есті «жақсы» демек.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз,
Ғылым - сол үшеуінің жөнін білмек.


Жүргізуші1: Қара сөзі мен «Әуелде бір суық мұз, ақыл, зерек» атты өлеңінің үзіндісінің мазмұны бір. Екеуінде де ақыл, қайрат, жүрек, ғылым сөз болады. Әрине, әңгіме тек сөз болуында ғана емес, ақынның оларға қалай қарауында. Егер біз мәселеге осы тұрғыдан келсек, Абайдың өз идеясына беріктігін, қандай проблеманы көтерсе де, мәселені жүйелі түрде қойып, қалайда оны оқырмандарының ой-саналарына жеткізуді ойлайтындығын, алған нысанасынан бір елі таймайтындығын көреміз.
Жүргізуші 2 : - Ол өзі өмірінің игілігін, өз бойындағы бары мен нәрін халық үшін, адам үшін жалпы адам баласының бақыты үшін жұмсауға тырысты.
Жүргізуші 1 : Ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе - осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді.
Бізше, бұл әңгіменің философиялық тереңдігі өз алдына, әсіресе жастар үшін тәрбиелік мәні зор.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив