Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Р дыбысын үй жағдайында машықтандыру жолдары» тақырыбындағы тапсырмаларды үй  жағдайында орындату
28
март
2022
«Р дыбысын үй жағдайында машықтандыру жолдары» тақырыбындағы
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ. Балалардың ауызша сөйлеу тілінде дыбыстарды анық және таза айтуының маңызы зор. Логопед сабағында балаға дыбыс қойылғаннан кейін, дыбысты буында, сөзде, сөйлемде, өлеңде, жаңылтпашта және әңгімеде машықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Машықтандыру үдерісінде бейнероликтегі «Р дыбысын үй жағдайында машықтандыру жолдары» тақырыбындағы тапсырмаларды үй жағдайында орындатуға болады. Күніне кем дегенде 5-15 минут машықтандыру бойынша күнделікті дайындық қажет.
15-наурыз-жайлау күні деп белгіленді.
16
март
2022
15-наурыз-жайлау күні деп белгіленді.
"Оралхан Бөкей атындағы #44лицейі"КММ 15-наурыз-жайлау күні деп белгіленді. "Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ"-деп бекер айтылмаған.Тыныс тіршілігіміз тікелей табиғат -анамен байланысты болғандықтан,оған қамқорлық жасау да басты парызымыз .Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 15-наурыз -жайлау күні деп аталып отырғаны да тегін емес.Адамдар тазалық жұмыстарын жүргізіп,арықтарды тазалап,тал егуді осы күннен бастады.Табиғатты аялайық,одан қамқорлықты аямайық. 2"А"сыныбы Свнып
«Қазақ поэзиясының Құлагері» атты лицейшілік мәнереп оқу сайысы
09
март
2022
«Қазақ поэзиясының Құлагері» атты лицейшілік мәнереп оқу сайысы
Ілияс Жансүгіров – «қазақ поэзиясының Құлагері» деп мойындалған, ақын, тамаша прозаик, драматург, сатирик, қоғам қайраткері, өнертанушы. Оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Қазақ Сәкен мен Ілияс, Бейімбет үшеуін «Үш бәйтерек» деп бөле-жармай, тұтас атаған, төбесіне көтерген. Поэзиясы арқылы оқырманның қиялына қанат бітірген. Шығармашылығында гуманистік адамгершілік идеясын, ұлттық өнерді насихаттауға барынша күшін салған ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы
2 "А" сыныбында 8-наурыз мерекесіне байланысты "Ана-өмір шуағы" атты тәрбие сағаты өтті.
09
март
2022
2 "А" сыныбында 8-наурыз мерекесіне байланысты "Ана-өмір шуағы" атты
Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейінің 2 "А" сыныбында 8-наурыз мерекесіне байланысты "Ана-өмір шуағы" атты тәрбие сағаты өтті.Балалар аналарына арнап ашықхат жасап, жүрекжарды тілектерін жазды. Құттықтап өлең,тақпақтарын арнады.Мың бұрала би де билеп,барлық өнерлерін көрсетті.Тәрбие сағаты өте әсерлі өтті. Сынып жетекшісі:Дырымбаева Г.Қ.
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ   Лицей директоры Ж.К.Назарбаеваның құттықтауы
09
март
2022
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ Лицей директоры
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ Лицей директоры Ж.К.Назарбаеваның құттықтауы
"МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН" қалалық ғылыми-практикалық конференциясында оқушларымыз 2 орынды иеленді
04
март
2022
"МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН" қалалық ғылыми-практикалық конференциясында
"Оралхан Бөкей атындағы 44 лицейі" КММ 10- сынып оқушыларының арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған. "МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН" қалалық ғылыми-практикалық конференциясында оқушыларымыз Ислям Елдана, Набиолда Дильназ, Қарашашова Назерке, Сакенова Айша 2 орын иеленіп марапатталды. Құттықтаймыз 💐💐💐 Жетекшісі: Балпанбаева М.Т.
1"Б" сыныбы Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «Алғыс айту» күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтайды!
02
март
2022
1"Б" сыныбы Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «Алғыс айту»
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Ата-анаға мың алғыс, Үнемі бізді қолдайтын! Балаларға мың алғыс, Ақ тілегін, жолдайтын! –дей келе, Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «Алғыс айту» күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Жақсы сөз жарым ырыс дегендей, жақсы сөз естіп, жақсы ықыласқа бөлене беріңіздер! 1 «Б» сыныбы Сынып жетекшісі: Далаева Н.Т
1"А"сынып оқушыларының Алғыс айту күніне орай ата - аналарына арнап өз алғыстарын білдіреді.
02
март
2022
1"А"сынып оқушыларының Алғыс айту күніне орай ата - аналарына арнап
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы " Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ 1"А"сынып оқушыларының Алғыс айту күніне орай ата - аналарына арнап өз алғыстарын білдіреді. Сынып жетекшісі Халидуллина Сауле Ипшаевна
1 В сынып оқушылары 1 наурыз Алғыс күніне байланысты  ата аналарға шексіз алғыстарын білдіреді.
02
март
2022
1 В сынып оқушылары 1 наурыз Алғыс күніне байланысты ата аналарға
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің 1 В сынып оқушылары 1 наурыз Алғыс күніне байланысты ата аналарға шексіз алғыстарын білдіреді. Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болатын салтанатты күн. Сондықтан да Алғыс білдіру мен Алғысқа бөлену адамзат баласының үлкен парызының бірі. Сынып жетекші:Садыкова К.С.