Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!
22
октябрь
2022
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар сіздерді Республикамыздың әр
"Оралхан Бөкей атындағы # 44 лицей" КММ Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймыз! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі
11 М,Ж сыныптарында Республика күніне арналған республикалық тәрбие сағаты өткізілді.
22
октябрь
2022
11 М,Ж сыныптарында Республика күніне арналған республикалық тәрбие
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі" КММ 2022 жылдың 21 қазанында 11 "М" және 11"Ж" сыныптарында Республика күніне арналған "Қазақстан- туған жерім, туған елім" бірыңғай республикалық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты - мемлекеттік әнұранмен басталып, топтық жұмыстар, тақырыпқа байланысты викториналық сұрақтар, оқушылардың еліміздің көркеюі мен дамуы туралы өз ойларын айтып, құттықтаумен өткізілді. Оқушыларға қызықты видеолар көрсетіліп, тәрбие сағатына оқушылар белсенділікпен қатысты.
9-11 сыныптар арасында   « Қауіпсіз бала өмірі. Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»  тақырыбында  жиналыс  өтті.
20
октябрь
2022
9-11 сыныптар арасында « Қауіпсіз бала өмірі. Зорлық зомбылықсыз
ШҚО Білім басқармасы Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ 2022 жылдың 19 қазан күні 9-11 сыныптар арасында « Қауіпсіз бала өмірі. Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа Өскемен қаласының Солжағалау полиция бөлімі криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Алтынай Нұрлыханқызы қатысып, бүгінгі таңдағы балалар арасында кездесіп жатқан проблемалар, қиындықтар, құқықбұзушылық әрекеттері жайлы айтты. Өткізілген кездесу тақырыбы жағынан
Қаракерей Қабанбайдын 330 жылдық, мерейтойында Қайрат Айтқожиннің «Қабанбайтану» оку-әдістемелік құралының тұсаукесері өтті
19
октябрь
2022
Қаракерей Қабанбайдын 330 жылдық, мерейтойында Қайрат Айтқожиннің
2022 жылдың 14 қазан күні Дарабоз батыр, талантты қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, саясаткер Қаракерей Қабанбайдын 330 жылдық, мерейтойына арналған «Жаугершілік заманның қазақ батырлары: тарих жэне тағылым» республикалық ғылыми- практикалық, конференциясы аясында Қайрат Айтқожиннің «Қабанбайтану» оку-әдістемелік құралының» тұсаукесері өтті. "Кабанбайтану" оку-эдістемелік куралынын максаты - окушыларды азаматтык пен елжандылыкка тарбиелеп, рухани кундылыктарды бойына сініру. Қазіргі
2022 жылдың 14 қазанында Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Домбыра – Дастан» аспаптық орындау байқауы өтті.
16
октябрь
2022
2022 жылдың 14 қазанында Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстан
“Оралхан Бөкей атындағы 44- лицей” КММ “Этнопедагогика” жобасы аясында Қазақстан Республикасының күні арналған «Домбыра – Дастан» байқауы 2022 жылдың 14 қазанында Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Домбыра – Дастан» аспаптық орындау байқауы өтті. Лицейіміздің 9 Ж сынып оқушысы Айдосұлы Әбілмансұр “Жеке орындау” номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ жеңіп алды. Талабыңа нұр жаусын, Әбілмансұр! Біз сенімен мақтанамыз!!
"С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары  11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
14
октябрь
2022
"С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушылары
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ 13 қазан күні "С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің" Компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары 11-сынып оқушыларына кафедрадағы мамандықтар туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар биылғы оқу жылындағы өзгерістер, мамандықтардың ерекшеліктеріне тоқталды!
Абатова Мариям Абайқызы лицейіміздің бетке ұстары, мақтанышы, «Нұрлы Жастар» кітабына жарияланды!
13
октябрь
2022
Абатова Мариям Абайқызы лицейіміздің бетке ұстары, мақтанышы, «Нұрлы
Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Лицейіміздің 5-«В» сынып оқушысы Абатова Мариям Абайқызы болашағынан зор үміт күттіретін, талапты да білімді жас, лицейіміздің бетке ұстары, мақтанышы. Бойына тек жақсы қасиеттерді сіңіре білген Мариям, «Нұрлы Жастар» кітабына жарияланды! Мариямды құттықтай отырып, қанатың талмай, тек биік шыңдардан көріне бер дегіміз келеді. Болашақта Мариямнан ұлтының шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматы шығатынына кәміл сенеміз! Сынып жетекшісі: Орынбасарова А.Н.
«100 өлең» байқауындағы жүлделі орын
11
октябрь
2022
«100 өлең» байқауындағы жүлделі орын
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»» КММ Лицейіміздің кітапханашысы, айтыскер ақын - Маратбекова Жұлдызай Маратбекқызы Алматыда өткен Республикалық «100 өлең» байқауында 22 көркем сөз оқу шеберлерінің ішінен суырылып алға шығып, 2 орынды қанжығасына байлады! Құттықтаймыз!
XV чемпионатындағы  жүлделі орын
11
октябрь
2022
XV чемпионатындағы жүлделі орын
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Лицейіміздің дене шынықтыру пәнінің ұстазы Азаматов Нұржан Халидолаевич ардагерлер командалар арасындағы ШҚО және Өскемен қаласының шағын футболдан XV чемпионатында жүлделі орынға ие болып, кіші футбол чемпионатынан жеңімпазы атанды. Лицей ұжымы әріптестерін жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді.