24
ноябрь
2026
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің химия кафедрасында оқушылар арасында XVII
Лицей оқушыларының аталмыш білім додасына қатысуына директордың бейіндік оқыту жөніндегі бірінші санатты орынбасары Н.А. Садықова ұйытқы болып, жас зерттеушілердің білімдерін сынап, қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік жасады.
«Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары» тақырыбында өткен білім сайысында лицейіміздің «Катализатор» тобы өз білімдерін, тапқырлықтарын, шығармашылық қабілеттері мен ұйымшылдықтарын танытып, командалық жарыста ІІ орынға ие болды!
Жеңімпаз командамызды шын жүректен құттықтаймыз!
Білім жолындағы қадамдарың нық, жетістіктерің көп болсын!
Алдағы уақытта да ғылым әлемінде талай биіктерді бағындырып, лицей мерейін асқақтата беріңдер!
Осындай тағылымды да танымдық іс-шараны ұйымдастырып, оқушыларға өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік берген Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің басшылығы мен химия кафедрасының ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз!