Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
7-сынып оқушылары арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты ұлттық спорт сайысы өткізілді.
03
март
2023
7-сынып оқушылары арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты ұлттық
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі" КММ Сынып жетекшілер онкүндігі аясында "Шынықсаң шымыр боласың " дегендей, 7-сынып оқушылары арасында "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атты ұлттық спорт сайысы өткізілді. Қазақ халқының мергендік, ептілік қабілетін сыннан өткізетін намысын жанитын " Теңге алу"," Жамбы ату", "Қол күресі" сияқты ұлттық ойындар тартысты да, қызықты болды. Жас ұрпаққа қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауға арналған сайыс өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Сынып
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке – Алғыс айту күні.
02
март
2023
Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке – Алғыс айту күні. Алғыс айту – жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. «Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады»,-деген ұстанымды ұстана отырып, «Жас Ұлан» ұйымы және «Мұрагер» парламенті бүгін лицей ұжымына алғыс айтып, кішігірім сыйлықтар және тәттілер таратып, барша ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Барша ұстаздарға,ата-аналарға, оқушыларға
1-Наурыз Алғыс айту күнімен өз шымылдығын ашты.
02
март
2023
1-Наурыз Алғыс айту күнімен өз шымылдығын ашты.
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Лицейіміздегі сынып жетекшілер онкүндігінің ашылу салтанаты 1-Наурыз Алғыс айту күнімен өз шымылдығын ашты. Оқушылар өз ұстаздары мен ата-аналарына, сыныптас, құрбыларына киелі сахна төрінен ақ тілектері мен ниеттерін жолдады. Әсем ән мен ырғақты билерін тарту етті. Мәнді-мағыналы лебіздерін жолдады. Лицей шаңырағын жылы лебізге толтырған жас ұландарға мың алғыс! Сынып жетекшілер апталығында білек пен білімді танытатын байқаулар мен сайыстар болатыны
«Алғыс айту» күнімен  баршаңызды  шын жүректен құттықтаймыз!
01
март
2023
«Алғыс айту» күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Ата-анаға мың алғыс, Үнемі бізді қолдайтын! Балаларға мың алғыс, Ақ тілегін жолдайтын!-дей келе, Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген «Алғыс айту» күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Сондықтан - айтулы күні жақсы сөз естіп, жақсы ықыласқа бөлене беріңіздер! Сынып
"Алғыс айту" күніне орай "Мен көпұлтты Қазақстанның азаматымын" атты достық үйінің этномәдени өкілдерімен кездесу өтті.
01
март
2023
"Алғыс айту" күніне орай "Мен көпұлтты Қазақстанның азаматымын" атты
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Алғыс айту күні - бірлік пен татулық мерекесі, қилы тарихты басынан кешірген Қазақстан халқының бір-біріне деген ілтипатын білдіретін күн, бауырмалдық пен сыйластық күні. 2023 жылдың 27 ақпанкүні лицейімізде "Алғыс айту" күніне орай "Мен көпұлтты Қазақстанның азаматымын" атты достық үйі-қоғамдық келісім орталығының этномәдени өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу ең бірінші лицейіміздің талантты оқушыларының өнер көрсетуімен басталды. Бұл кездесуіміздің
Кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дан мамандар келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
01
март
2023
Кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу мақсатында С.Аманжолов атындағы
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ 28 ақпан күні 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар жұмысын жүргізу мақсатында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дан мамандар келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушыларға университеттегі “Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы” бойынша мамандықтар таныстырылды. Бұл кафедрадағы білім беру бағдарламалары : 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу, 6В01301 – Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 6В01101 – Педагогика және психология
Құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді  1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен 7 "Б" сынып оқушылары шын жүректен құттықтайды!
28
февраль
2023
Құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі"КММ Құрметті ұстаздар қауымы, сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен 7 "Б" сынып оқушылары шын жүректен құттықтайды! Ұстаз болу мамандығы - ауыртпашылығымен жауапкершілігі мол кәсіп. Осы ардақты кәсіпті атқарып жүргендеріңізге алғысымыз шексіз. Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн. Сынып жетекшісі: Мухажанова М.А.
Лицейдің 9-сынып оқушылары Құмаш Нұрғалиев колледжі ұйымдастырған “ Ашық есік күніне” орай экскурсия жасап қайтты.
28
февраль
2023
Лицейдің 9-сынып оқушылары Құмаш Нұрғалиев колледжі ұйымдастырған “
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ 24 ақпан күні лицейдің 9-сынып оқушылары Құмаш Нұрғалиев колледжі ұйымдастырған “ Ашық есік күніне” орай экскурсия жасап қайтты. Оқушыларды мамандар жақсы қарсы алып, колледж ішін аралатты. Аспаздар бауырсақ және сусындарынан дәм татқызып, кондитерлер тәтті құймақтарын ұсынды. Суретші-модельер, интерьер-дизайнерлер оқушыларға суреттер салғызып, шаштараз мамандары шаш үлгілерін жасатып көрсетті. Бүгінгі экскурсия оқушыларға сөзсіз ұнады деген сенімдеміз. .
Асанқызы Дана лицей әкімшілігінің, ата анасының қолдауымен өзінің алғашқы шығармашылық концертін өткізді.
23
февраль
2023
Асанқызы Дана лицей әкімшілігінің, ата анасының қолдауымен өзінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ өнерлі, де дарынды жас әнші балапанымыз 4 "Б" сынып оқушысы Асанқызы Дана лицей әкімшілігінің, ата анасының қолдауымен өзінің алғашқы шығармашылық концертін өткізді. Көрермендер зор ықыласпен тыңдап тамашалады. Ән айтумен қатар биді, көркем гимнастиканы қатар алып, республикалық, халықаралық байқауларының жүлдегері атанған Данамызға өнері үстем болып, биік шыңдарды бағындыра бер демекпіз. Музыка пәні мұғалімі Альханова Ж. Р.
Фонематикалық естуді дамытуға арналған: «Дыбыс бойынша затты тап»  ойыны.
23
февраль
2023
Фонематикалық естуді дамытуға арналған: «Дыбыс бойынша затты тап»
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ Фонематикалық естуді дамытуға арналған: «Дыбыс бойынша затты тап» ойыны. Ойын барысы: балаға төрт заттың суретін көрсетіп соысын суреттегі бір заттң дыбысын қосады, ал бала төрт суреттің ішінен қандай заттың дыбысы естіліп тұрғанын анықтайды. (қасық, гитара, оятқыш, қой, ара, бұршақ). Логопед: Қабылғани Ш