Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
2023-2024 оқу жылына 1- сыныпқа қабылдау
15
март
2023
2023-2024 оқу жылына 1- сыныпқа қабылдау
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ 2023-2024 оқу жылына 1- сыныпқа қабылдау
М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай "Қанмен жазылған тағдыр" атты әдеби-поэзиялық кеш өткізілді.
10
март
2023
М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай "Қанмен жазылған тағдыр"
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі" КММ 09.03.2023ж. Сынып жетекшілер онкүндігінің аясында М.Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен "Қанмен жазылған тағдыр" атты әдеби-поэзиялық кеш өткізілді. Бұл кеште "Мен жастарға сенемін..." атты қалалық сайысқа қатысып, бірнеше аталым бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушыларымыз қатысты. Сайыстың "Сахналық қойылым" аталымы бойынша БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болған оқушыларымыз өз қойылымдарын көрермен назарына ұсынып,
7 «Б» сынып оқушысы Абдихадир Сафинұр Облыстық «Шығыс Бұрымдысы»  байқауының қатысушысы.
10
март
2023
7 «Б» сынып оқушысы Абдихадир Сафинұр Облыстық «Шығыс Бұрымдысы»
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ 7 «Б» сынып оқушысы Абдихадир Сафинұр Облыстық «Шығыс Бұрымдысы» байқауына қатысып, «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде өзі білім алып жатқан лицейі және отбасы тақырыбында бейне слайдтарды пайдаланып, көпшілікке ұсынды. Жоғары бағаланған бейне таныстыруды сіздердің назарларыңызға ұсынады. Сынып жетекшісі: Мухажанова М.А.
АСЫЛ АЗАМАТ, АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, БІЛГІР БАСШЫ...
09
март
2023
АСЫЛ АЗАМАТ, АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, БІЛГІР БАСШЫ...
АСЫЛ АЗАМАТ, АРДАҚТЫ ҰСТАЗ, БІЛГІР БАСШЫ... Педагогикалық қызметін қарапайым мектеп мұғалімінен бастап басшылықтың шеберлігіне жеткен ұстазымыз, бүгін көзі тірі болса 70-тің биігіне шығатын Таңатқан Қалибекұлы Түменбаев өз тәжірибесін бақылай және талдай алатын, туындаған нақты жағдайға байланысты аса бір сезімталдықпен жылдам да тапқыр, әрі дәл шешімдер қабылдай білетін жан еді. Ол сонымен қатар қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық ролін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман болатын.
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде «Өшпейтұғын із қалдырған Ұстаз» атты қала мектептері  арасында волейбол спорт турнирі өтті.
07
март
2023
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде «Өшпейтұғын із қалдырған Ұстаз»
Шығыс Қазакстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы N° 44 лицейі» КММ 2023 жылдың 4 наурызында «Өшпейтұғын із қалдырған Ұстаз» атты қала мектептері арасында волейбол спорт турнирі өтті. Жарыс барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар қызықты да, тартысты ойын көрсете білді.Тартысты турнирге 10 команда қатысып, ішінен дара шыққандары жүлделі орынға ие болды: 1 орын - №46 орта мектебі 2 орын - №44 лицейі 3 орын - №44 лицейінің ата-аналар
Лицейіміздің оқу ісі меңгерушісі  Нуржамал Ануарбековна республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсында ерекше жетістігі үшін марапатталды.
07
март
2023
Лицейіміздің оқу ісі меңгерушісі Нуржамал Ануарбековна республикалық
“Оралхан Бөкей атындағы 44-лицейі” КММ Лицейіміздің оқу ісі меңгерушісі Нуржамал Ануарбековна Алматы қаласында өткен республикалық “Педагогикалық идеялар фестивалі” конкурсына қатысып, ерекше жетістігі үшін грамотамен марапатталды. Нуржамал Ануарбековна республикалық конкурста жеткен жетістігіңіз болсын!! Біз СІЗБЕН мақтанамыз! [/center]
Оқу ағарту министрлігінің 4- наурыз күні кеңейтілген отырысында 2021-2022 оқу жылында өткен ББЖМ ( МОДО) қорытындысы жарияланды.
06
март
2023
Оқу ағарту министрлігінің 4- наурыз күні кеңейтілген отырысында
Оқу ағарту министрлігінің 4- наурыз күні кеңейтілген отырысында 2021-2022 оқу жылында өткен ББЖМ ( МОДО) қорытындысы жарияланды. Қорытынды бойынша "Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ білім алушыларының (4,9- сыныптар) республика көлемінде қала мектептері арасында жоғары нәтиже көрсеткені туралы ерекше атап өтті.Оқушылар оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық бойынша жоғары білім деңгейін көрсетіп отыр. Бұл жетістік-бүкіл лицей ұжымының, оқушылардың, ата-аналардың еңбегі. Лицей ұжымына,
6-наурыз күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтағы форматқа көшірілді!
06
март
2023
6-наурыз күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1-ауысымның
6- наурыз күні ауа-райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) 1-ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтағы форматқа көшірілді!
1 наурыздан – 31 мамыр аралығын қамтитын «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды.
03
март
2023
1 наурыздан – 31 мамыр аралығын қамтитын «Жүректен жүрекке»
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ 1 наурыздан – 31 мамыр аралығын қамтитын «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы басталды. Бұл игі шара көпбалалы, аз қамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасы балаларының арман-тілектерін орындауға арналған. Демеушілік көрсетемін деген мейірімді жан баланың тілек хатында жазылған қажеттілігін өтеуге ат салысады. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» демекші, балаларға қуаныш сыйлауға асығайық!!! «Жүректен жүрекке» акциясының
Кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы аясында қалалық “Портфолио” зерттеу ойыны өтті.
03
март
2023
Кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы аясында қалалық “Портфолио” зерттеу
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ Кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы аясында қалалық “Портфолио” зерттеу ойыны өтті. Бұл ойында қала мектептері бірігіп, командалық зерттеу жұмысын жүргізді. Ойынның басты мақсаты: әртүрлі сала бойынша оқушылар білімін жетілдіру. Біздің лицейіміз 47,48-мектептермен бірге “Ауыл шаруашылығы” саласын зерттеген болатын. Әр мектептен 2 оқушы және жетекшілері осы сала бойынша бірінші кезеңде бейнеролик дайындап, 02.03.23 күні оны бейіндік мектепке барып қорғады.