28
октябрь
2026
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің 11 «Ж» сынып оқушылары Шығыс Қазақстан облысындағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT ж
Сапардың басты мақсаты – бітіруші сынып оқушыларына химия пәнінің күрделі тақырыптары бойынша кеңес беру, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру.
«Бітіруші сынып оқушыларына арналған химияның күрделі тақырыптары бойынша консультация өткізу» тақырыбындағы семинарды ұйымдастыруға лицей директорының бейіндік оқыту жөніндегі бірінші санатты орынбасары Н.А. Садықова ұйытқы болды.
Семинардың спикері – профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Бақыт Калиасқарқызы Шайхова, ал модераторы – химия кафедрасының сеньор-лекторы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Сән Советовна Оразова болды.
Танымдық сапар барысында оқушылар химия кафедрасының қызметімен танысып, зертханаларды аралады. Сонымен қатар химия ғылымының қыр-сырын танып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды.
Танымдық сапарды ұйымдастырушыларға, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз!