Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде оқушылардың күнін сергектікпен
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде оқушылардың күнін сергектікпен бастап, денсаулықты нығайту және белсенді өмір салтын қалыптастыру мақсатында таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Таңғы жаттығу барысында оқушылар түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, бойларын сергітіп, көтеріңкі көңіл-күймен оқу күнін бастады. Қозғалыс — денсаулық кепілі! Белсенділік — жақсы көңіл-күйдің негізі! Салауатты өмір салты — жарқын болашақтың бастауы! Күн сайын таңды жақсы әдеттен бастайық!