Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ✨ Алтын ұямыз – Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде 2026-2027 оқу жылының Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті! 🎒🔔
02
сентябрь
2026

✨ Алтын ұямыз – Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде 2026-2027 оқу жылының Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті! 🎒🔔

✨ Алтын ұямыз – Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінде 2026-2027 оқу жылының Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті! 🎒🔔

Бүгінгі жүрекжарды қуанышқа толы күніміз еліміздің басты құжаты – Конституция құндылықтарымен және «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасымен астасып, ерекше мазмұнға ие болды. 🌳🇰🇿

🎉 Биылғы қуанышты жаңалықтарымыз да аз емес:

2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша лицейіміз қала және облыс мектептері арасындағы сайыста «Бас жүлде» иеленіп, «Үздік ұйым-2026» атанды және 20 миллион теңгелік сертификатты қанжығаға байлады! 🏆💰

Биік белес: Түлектеріміздің 95%-ы мемлекеттік грант иегері атанып, қара шаңырақтың мерейін асқақтатты. 🚀

Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз балғын жырларын арнап, ал мектептің алтын аға-апайлары – 11-сынып түлектері оларға барлық ғылымның бастауы – «Әліппе» оқулығын салтанатты түрде табыстады. 📘✨ Мектеп табалдырығын тұңғыш басқан кішкентайларымыз ертеңгі Әділетті Қазақстанның саналы азаматы болатынына сенімдіміз! 🌟

Лицей директоры Жаңыл Қайырбекқызы және қонақ ретінде қатысқан "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының ШҚО бойынша филиал директорының орынбасары Даутбеков Бахыт Даутбекұлы мен ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Қапезова Еркежан Жұмановна ұстаздар мен оқушыларға жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылына сәт сапар тіледі. 💐

Жыл бойы тек үздік бағалар, биік жетістіктер мен жақсы жаңалықтар көп болсын! ❤️👩‍🏫
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив