29
август
2026
Жаңа 2026–2027 оқу жылын жаңа идеялар мен тың серпінмен бастаған МИФ бірлестігінің №1 әдістемелік отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылындағы негізгі бағыттар айқындалып, әдістемелік нұсқаулықтағы өзгерістер мен оқу үдерісіндегі маңызды талаптар талқыланды.
🔹 Бағалау талаптары мен бірыңғай талаптарды сақтау мәселелері;
🔹 Оқушы дәптерлерін жүргізу талаптары, әр пән бойынша басталатын дәптер саны;
🔹 Пәндердің оқу сағаттары мен жүктемесіне қатысты ақпараттар;
🔹 Сабақта цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану;
🔹 Оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау бағыттары қарастырылды.
Әр мәселе — сапалы білімге бастар нақты қадам.
Әр ұстаз — жаңа идея мен ізденістің бастауы.
✨ Жаңа оқу жылын нақты мақсат, жүйелі жоспар және жоғары нәтижеге деген сеніммен бастаймыз!