Суретке деген ынтасы "Nur sana" білім орталығына қосымша сабаққа
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ 5 "Б" сынып оқушысы Оңдақанова Ажардың сүйікті хоббиі - сурет салу. Осы іске бос уақытын арнап, талантын шыңдауға тырысты, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындады. Осы жасаған еңбегі еш кетпей, бүгінде нәтижесін көрсетіп, "Бояулар құпиясы" атты республикалық жас суретшілер сайысында жүлделі II орынды иеленді. Ажарды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз! 5 "Б" сынып жетекшісі: