Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 5-11 сынып оқушыларына
«Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ 05.09.2023 жылы Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай 5-11 сынып оқушыларына арналған "Ұлы даланың Ұлы тілі" атты салтанатты жиын өткізілді. Жиын басында лицей директоры Назарбаева Жаңыл Қайырбекқызы оқушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Лицейіміздің күміс көмей, жез таңдай әнші оқушылары ұлттық тілімізге арналған әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды.