12
сентябрь
2025
11 қыркүйек күні лицейімізде сынып жетекшілердің отырысы өтті.
«отдела образования по городу Усть-каменогорску » КММ
Күн тәртібіндегі мәселелер мынадай болды:
1️⃣ 2024-2025 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың талдауы.
Жаңа оқу жылына дайындық барысы, өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижелері талданып, жетістіктер мен алдағы уақытта жетілдіруді қажет ететін бағыттар қарастырылды.
2️⃣ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының өзгерістері, «Досбол like» бағдарламасы мен АПҚО жұмысы.
Преподавателиге жаңартылған бағдарлама мазмұны түсіндіріліп, оқушылардың тәрбие бағытындағы іс-шаралары мен құндылықтарға негізделген жобалар талқыланды. «Досбол like» бағдарламасы мен АПҚО-ның (ата-аналармен, педагогтармен, қоғаммен жұмыс) негізгі міндеттері айтылды.
3️⃣ Лицейішілік (сыныптағы) ата-аналар комитетін сайлау.
Әр сыныпта ата-аналар белсенділігіне қолдау білдіріп, сынып пен мектеп өміріне араласатын ата-аналар комитетін құру мәселесі қаралды.
4️⃣ Балалар қауіпсіздігі, күн режимі, сабақ босатпау.
Оқушылардың мектепте және одан тыс қауіпсіздігін сақтау, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, сабақтан себепсіз қалмау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
5️⃣ Мектептің бірыңғай ішкі тәртіп ережелері.
Оқушылардың мектеп формасын сақтау, тәртіп мәдениетін қалыптастыру, мектеп мүлкін қорғау, жалпы талаптарды орындау жайы пысықталды.
6️⃣ Әртүрлі мәселелер.
Отырыс барысында сынып жетекшілер тарапынан ұсыныстар тыңдалып, маңызды сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, жас сынып жетекшілерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Тусупбекова Ж.Т. мен Балгабаева Г.М. арнайы тренингтік жаттығулар ұйымдастырды.
Соңында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті.
©️Тәрбие бөлімі
#birtutas_tarbie