Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шайбалы хоккейден "Жұлдызша" 2014 ж  турнирден  Ш Қ О командасының ойыншысы лицейіміздің 3 "А" сынып оқушысы Адеш Ілияс 3 орынға ие  болды
27
ноябрь
2023
Шайбалы хоккейден "Жұлдызша" 2014 ж турнирден Ш Қ О командасының
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ 2023жылдың 15-23 қараша аралығында Астана қаласында өткен, Республикалық оқушылар арасында шайбалы хоккейден "Жұлдызша" 2014 ж турнирден Ш Қ О командасының ойыншысы лицейіміздің 3 "А" сынып оқушысы Адеш Ілияс 3 орынға ие болды.Жеңістерің құтты болсын ! Спортта да білім жолында алар асуың көп,шығар тауың биік болсын дейміз ! Сынып жетекшісі: Халидуллина С.И.
Сапарбеков Темірлан Ерланұлы үздік ойын көрсеткені үшін  "Үздік ойыншы" атағына ие болды.
15
ноябрь
2023
Сапарбеков Темірлан Ерланұлы үздік ойын көрсеткені үшін "Үздік
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"КММ Риддер қаласында 2013-2014 жылғы жасөспірімдер арасындағы өткен облыстық футбол жарысынан 4 "А" сынып оқушысы Сапарбеков Темірлан Ерланұлы 2-орынды иеленді. Және де үздік ойын көрсеткені үшін "Үздік ойыншы" атағына ие болды. Темірланды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта талай жарыстарда биік белестерді бағындырады деп сенім білдіреміз! Сынып жетекшісі:Дырымбаева Г.Қ.
9 “В” сынып оқушыларын Далелхан Даулет,  Солтанбеков Шыңғыс,  Данияров Асан,  Абдуллаев Ибрагимді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
13
ноябрь
2023
9 “В” сынып оқушыларын Далелхан Даулет, Солтанбеков Шыңғыс,
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ Тараз қаласында 07.10.2033- 14.10.2023 ж аралығында су добынан 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында ШҚО Алтай командасы айқын басымдылықпен Алматы, Ақтобе, Тараз, Қарағанды, Астана командаларын ұтты. Лицейіміздің 9 “В” сынып оқушыларын Далелхан Даулет, Солтанбеков Шыңғыс, Данияров Асан, Абдуллаев Ибрагимді жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақыттарда да алдыңғы қатардан көріне берулеріңе
Оқушыларымызды жеңісімен құттықтап,  жетістіктері көп болуына тілектеспіз!
12
ноябрь
2023
Оқушыларымызды жеңісімен құттықтап, жетістіктері көп болуына
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ 8-"Б" сынып оқушысы Қасенов Әли және 6-"В" сынып оқушысы Қасенов Назар "Шинкиокуншинкай" каратэден (кумитэ бойынша) Шығыс Қазақстан облысының кубогында қатыстып, Қасенов Әли 1-орынға, Қасенов Назар 3-орынға ие болды. Оқушыларымызды жеңісімен құттықтап, жетістіктері көп болуына тілектеспіз! Сынып жетекшілері: Мухажанова М.А. Орынбасарова А.Н.
Нұртілеуді жүлделі орнымен құттықтай отыра, бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!
12
ноябрь
2023
Нұртілеуді жүлделі орнымен құттықтай отыра, бұдан да биік белестерді
«Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ Қараша айының 5 жұлдызында классикалық шахматтан 10,12,14,16 жастағы ұлдар мен қыздар арасында ШҚО Чемпионаты ұйымдастырылды. 14 жастағы қатысушылар тобы бойынша лицейіміздің 7-“Б” сынып оқушысы Ниязбек Нұртілеу қатысып, жүлделі 1-орынды иеленді. Нұртілеуді жүлделі орнымен құттықтай отыра, бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз! Сынып жетекшісі : Думанқызы Н.
5-"А" сынып оқушысы, биші қызымыз Кенжебаева Ботакөз облыстық, халықаралық деңгейдегі байқауларда топ жарып, жоғары нәтиже көрсетіп жүр
12
ноябрь
2023
5-"А" сынып оқушысы, биші қызымыз Кенжебаева Ботакөз облыстық,
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі " КММ 5-"А" сынып оқушысы, биші қызымыз Кенжебаева Ботакөз облыстық, халықаралық деңгейдегі байқауларда топ жарып, жоғары нәтиже көрсетіп жүр.Атап айтсақ, Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық "Сиқырлы би әлемі" хореографиялық фестиваль-байқауының 2-дәрежелі Дипломымен марапатталса, 2023 жылдың 5 қарашасында өткен "Королевская осень" халықаралық хореографиялық өнер фестивалінде "Бас жүлдені" жеңіп алды. Ботакөзді
Абылайды жеңісімен құттықтаймыз! Тек биік шыңдардан көріне бер деп тілейміз!
12
ноябрь
2023
Абылайды жеңісімен құттықтаймыз! Тек биік шыңдардан көріне бер деп
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ 6-“В” сынып оқушысы Ануарбек Абылай Жүзуден Абай облысының ашық біріншілігінде 200 м баттерфляймен жүзуден 1-орын, 100 м баттерфляймен жүзуден 1-орын, 200 м комплексті жүзуден 2-орын иеленді. Абылайды жеңісімен құттықтаймыз! Тек биік шыңдардан көріне бер деп тілейміз! Сынып жетекшісі: Орынбасарова А.Н.
Алматы қаласында өткен футболдан халықаралық турнирде 4 "А" сынып оқушысы Сапарбеков Темірлан қатысып,жеңіске жетті.
12
ноябрь
2023
Алматы қаласында өткен футболдан халықаралық турнирде 4 "А" сынып
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі"КММ Алматы қаласында өткен футболдан халықаралық турнирде 4 "А" сынып оқушысы Сапарбеков Темірлан қатысып, "Ең үздік жартылай қорғаушы" атағын жеңіп алып, кубокпен марапатталды. Оқушылар осындай шебер футболшы сыныптастарын мақтан тұтып, жеңісімен құттықтайды. Болашақта елімізді әлемге танытар атақты футболшы болатынына сенім білдіріп, ата-анасына алғыс айтамыз. Сынып жетекшісі:Дырымбаева Г.Қ.
Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, Динаға алдағы уақыттарға да толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!
12
ноябрь
2023
Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, Динаға алдағы уақыттарға да
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ Лицейіміздің 9«В» сынып оқушысы Аргимберде Дина Орал қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 2000 метр қашықтықта эстафета жүгіруден 2- орын алып, медальмен және мадақтамамен марапаттталды. Жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, Динаға алдағы уақыттарға да толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз! Сынып жетекшісі: Бекжанатова Н.Б.
6"А" сынып оқушысы Асқарбек Аяла  қыздар арасындағы классикалық шахматтан Шығыс Қазақстан облысының күзгі   чемпионатында  2 орынға ие болды.
12
ноябрь
2023
6"А" сынып оқушысы Асқарбек Аяла қыздар арасындағы классикалық
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 6"А" сынып оқушысы Асқарбек Аяла қыздар арасындағы классикалық шахматтан Шығыс Қазақстан облысының күзгі чемпионатында 2 орынға ие болды. Аяла жеңісің құтты болсын! Сынып жетекшісі : Ахауова Ж. А.