Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Төлеген Қарлығаш гимнастикадан өткен «Шығыс жұлдыздары» атты ШҚО Федерациясының ашық турнирінде жүлделі 3-орын иеленді.
18
март
2024
Төлеген Қарлығаш гимнастикадан өткен «Шығыс жұлдыздары» атты ШҚО
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 4-«В» сыныбының оқушысы Төлеген Қарлығаш гимнастикадан өткен «Шығыс жұлдыздары» атты ШҚО Федерациясының ашық турнирінде жүлделі 3-орын иеленді. Қарлығашты жеңісімен құттықтаймыз. Жарайсың, Қарлығаш! Біз сенімен мақтанамыз. Болашағың жарқын болсын! Сынып жетекшісі: К. Бекишова
5 “Г” сынып оқушысы Дулатұлы Нұрмұхаммед Шемонайха қаласында өткен дзюдо күресінің ашық аудандық турнирінен жүлделі 1-орынға ие болды.
18
март
2024
5 “Г” сынып оқушысы Дулатұлы Нұрмұхаммед Шемонайха қаласында өткен
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 5 “Г” сынып оқушысы Дулатұлы Нұрмұхаммед Шемонайха қаласында өткен дзюдо күресінің ашық аудандық турнирінен жүлделі 1-орынға ие болды. Құтты болсын! Қанатың талмай, биіктерден көріне бер! Сынып жетекшің:Туменбаева А.Н
Жасоспірімдер мен кыздар арасында Жеңіс Клубының кубогы чемпионатында жүлделі 1-орынға ие болды
18
март
2024
Жасоспірімдер мен кыздар арасында Жеңіс Клубының кубогы чемпионатында
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 5 “Г” сынып оқушысы Жанболат Рамина Астана қаласында өткен республикалық Киокушинкай-кан каратэден балалар, жасоспірімдер мен кыздар арасында Жеңіс Клубының кубогы чемпионатында жүлделі 1-орынға ие болды. Біз сені мақтан тұтамыз, Рамина! Құтты болсын! Қанатың талмай, биіктерден көріне бер! Сынып жетекшің:Туменбаева А.Н
3 «Б» сынып оқушысы  Матабай   Кәусар  Өскемен қаласында өткен спорттық   биден   байқауға қатысып  2 орынды  жеңіп алды.
18
март
2024
3 «Б» сынып оқушысы Матабай Кәусар Өскемен қаласында өткен
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Би өнері –әлемнің рухани елшісі демекші 3 «Б» сынып оқушысы Матабай Кәусар Өскемен қаласында өткен спорттық биден байқауға қатысып 2 орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!! Би өнерің күн сайын шыңдала берсін, сонда жаңа жетістіктер көкжиектен көрініп, әрдайым денеде рақым, жүректе махаббат және рухта шабыт өмір сүре берсін! Сынып жетекшісі:Далаева Назым Турсынкожакызы
Ануарбек Абылай 50 метр еркін жүзуден 1-орын иеленді
12
февраль
2024
Ануарбек Абылай 50 метр еркін жүзуден 1-орын иеленді
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 6-“В” сынып оқушысы Ануарбек Абылай мемлекеттік және саяси қайраткер Б. М. Сапарбаевты еске алуға арналған жүзуден «ШҚО су спорт түрлері бойынша МБЖОРСМ» КММ біріншілігі 2012-2013 жылғылар арасында 50 метр баттерфляймен жүзүден 1-орын , 50 метр еркін жүзуден 1-орын иеленді. Жарайсың, Абылай! Алар асуларың мен бағындырар белестерің көп болсын! Сынып жетекшісі: Орынбасарова А.Н.
Абдыкалыков Әлімхан Сейпілұлын еске алуға арналған облыстық бокс турнирінде 5-"А" сынып оқушысы Шалабай Рамазан 1-орынды жеңіп алды.
25
январь
2024
Абдыкалыков Әлімхан Сейпілұлын еске алуға арналған облыстық бокс
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Кикбоксинг және "ALIMHAN" жекпе-жек клубының ұйымдастыруымен өткен Абдыкалыков Әлімхан Сейпілұлын еске алуға арналған облыстық бокс турнирінде 5-"А" сынып оқушысы Шалабай Рамазан 1-орынды жеңіп алды. Өзгелерден оза шапқан Рамазан Мадақтамамен, Медальмен марапатталып, алғашқы Чемпиондық белдігін еншіледі. Қазақ елін әлемге танытар спортшы бол, Рамазан! Сынып жетекшісі: Князбаева М.Б.
2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан   Өскемен қаласының ашық біріншілігі өтті.
18
январь
2024
2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Өскемен
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында футболдан Өскемен қаласының ашық біріншілігі өтті. Осы жарыста "Real-16" командасы керемет ойын көрсетіп, жеңіске жетті. Команда мүшесі 4 "А" сынып оқушысы Сапарбеков Темірлан өз шеберлігін көрсетіп, жүлделі 3-орын иеленді.Темірланды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз. Сынып жетекшісі:Дырымбаева Г.Қ.
Өскемен қаласында классикалық шахматтан  балалар және жасөспірімдер мектебінің арасында ашық біріншілік өтті
18
январь
2024
Өскемен қаласында классикалық шахматтан балалар және жасөспірімдер
"Оралхан Бөкей атындағы #44лицейі"КММ Өскемен қаласында классикалық шахматтан балалар және жасөспірімдер мектебінің арасында ашық біріншілік өтті.Осы сайысқа 4 "А" сынып оқушысы Қаныбек Ислам қатысып, жүлделі 2-орын иеленді.Сыныптастары Исламды жеңісімен құттықтап, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілек білдіреді. Сынып жетекшісі:Дырымбаева Г.Қ.
1 “Б” сынып оқушылары, “Жалында” балалар би ансамбілінің мүшелері Ерболатова Айша, Әсетқызы Хадиджа, Серік Томирис қатысты.
18
январь
2024
1 “Б” сынып оқушылары, “Жалында” балалар би ансамбілінің мүшелері
“Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі” КММ Өскемен қаласында желтоқсан айының соңғы күндерінде «Grand masters» халықаралық байқау-фестивалі өтіп, 1 “Б” сынып оқушылары, “Жалында” балалар би ансамбілінің мүшелері Ерболатова Айша, Әсетқызы Хадиджа, Серік Томирис қатысты. Жас бишілеріміз байқауда ІІ орынға ие болып, көпшіліктің алғысына бөленді. Өнерлі жас бишілерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! Сынып жетекшісі: Газизова Г.Е
2024 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды ​​қаласында Республикалық Кумитэ секциасында «Bushido cup» турнирі өтті.
18
январь
2024
2024 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды ​​қаласында Республикалық Кумитэ
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ 2024 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды ​​қаласында Республикалық Кумитэ секциасында «Bushido cup» турнирі өтті. Лицейіміздің 1 «Б» сынып оқушысы Жомарт Сұлтан Қанатұлы 1 орынға ие болып, мадақтамамен және медальмен марапатталды. Жомарт Сұлтанды жеңісімен құттықтай отырып,бағындырар белестері көп болсын деп тілейміз! Сынып жетекшісі:Газизова Г.Е