Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
7 "Б" сынып ұлдарына “Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында ұлдар жиналысы жүргізілді.
16
май
2023
7 "Б" сынып ұлдарына “Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында ұлдар
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ 7 "Б" сынып ұлдарына “Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында ұлдар жиналысы жүргізілді. Ұл бала-қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат-ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Сондықтан да ұл баланың тәрбиесіне аса мән берілген. Ұлдар жиналысында ержігіттің ел -жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларға қалай қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қалай азаматтық таныту секілді істерге бағыт-бағдар берілді.
1”А” сынып оқушысы Манарбек Мұрагер Отбасы мерекесіне орай өзінің сүйікті отбасымен түскен бейнеролигін ұсынып отыр.
16
май
2023
1”А” сынып оқушысы Манарбек Мұрагер Отбасы мерекесіне орай өзінің
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ Еліміздің болашағы, Отанымыздың ертеңі - бүгінгі жас ұрпақ. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер дегендей ұл қыздарымыздың салихалы болуы тікелей әке шешесіне және олардан алған тәрбиесіне көп байланысты.Сондықтан Еліміздің жарқын болашағы үшін бала тәрбиесінде аянбай еңбек етейік деп 1”А” сынып оқушысы Манарбек Мұрагер Отбасы мерекесіне орай өзінің сүйікті отбасымен түскен бейнеролигін ұсынып отыр. Сынып жетекшісі:К.С.Кошербаева
Отбасы  биз үшін кішкентай отанымыз!!    1 "А" сынып оқушысы Ериков Арлан өз отбасының бейнеролигін ұсынаады.
15
май
2023
Отбасы биз үшін кішкентай отанымыз!! 1 "А" сынып оқушысы Ериков
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Отбасы -әр адам баласы үшін жайлы да, ыстық, қауіпсіз. "Отан- отбасынан басталады" демекші, расында да Отбасы биз үшін кішкентай отанымыз!! 1 "А" сынып оқушысы Ериков Арлан өз отбасының бейнеролигін ұсына отырып,барлықтарыңызды бүгінгі Отбасы мерекесімен құттықтайды.Кішкентай балапандарымыздың болашағы жарқын, балалық шағынан бастап елінің бетке ұстар азаматтарының бірі болып,әрбір бала бақытты отбасында өмір сүруге тілектеспін!!! Сынып жетекшісі:
2023 жылы мамырдың 15-і күні кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында Алматы қаласындағы “Логистика және көлік академиясының" мамандары келді.
15
май
2023
2023 жылы мамырдың 15-і күні кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ 2023 жылы мамырдың 15-і күні кәсіптік бағдар жұмысын жүргізу мақсатында Алматы қаласындағы “Логистика және көлік академиясынан” Дәрменбаева Ұлжан және Қалимолда Нариман есімді студенттері келді. Бұл академияға кем дегенде 50 балл жинап грант иегері атануға болады. Жылына 3000 грант бөлінеді. Академия студенті болу үшін таңдау пәні төмендегідей: физика/математика; география/математика; информатика/математика; физика/ химия және шығармашылық емтихан. Сәулет
Лицейіміздің 2 "А" сынып оқушысы Бауыржанқызы Айкөркем өзінің отбасында ата - анасымен бақытты отбасында тәрбиеленіп жатқанын мақтаныш етеді
15
май
2023
Лицейіміздің 2 "А" сынып оқушысы Бауыржанқызы Айкөркем өзінің
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы "Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Бүгінгі Халықаралық отбасы мерекесімен барлық отбасыларды құттықтаймыз! "Бағым да байлығым да отбасым" деп отбасының бақытты да уайымсыз өмір сүруі ата -аналардың жанұясына үлкен жауапкершілікпен қарауының жемісі. Лицейіміздің 2 "А" сынып оқушысы Бауыржанқызы Айкөркем өзінің отбасында ата - анасымен, апайларымен бақытты отбасында тәрбиеленіп жатқанын мақтаныш етеді. Айкөркем өз отбасында ерке, ақылды бақытты балалық
“Ата-анамның жұмысындағы бір күн” атты шараны жалғастырған 9-“Б” сынып оқушысы Ермек Нұрай болды
15
май
2023
“Ата-анамның жұмысындағы бір күн” атты шараны жалғастырған 9-“Б”
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ “Ата-анамның жұмысындағы бір күн” атты шараны жалғастырған 9-“Б” сынып оқушысы Ермек Нұрай болды. Ол әкесінің жұмысына барып, бір күндік жұмысымен танысып қайтты. Осы арналған күн арқылы Нұрай әкесі қандай жұмыс атқарады, күнделікті жұмыс күні қалай өтетіні туралы барлық ақпараттармен танысып қайтты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырушы: Маратбекова Ж.М
“Ата-анамның жұмысындағы бір күн” атты шараны жалғастырған 9-“Б” сынып оқушысы Ермек Шырай болды
15
май
2023
“Ата-анамның жұмысындағы бір күн” атты шараны жалғастырған 9-“Б”
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей” КММ “Ата-анамның жұмысындағы бір күн” атты шараны жалғастырған 9-“Б” сынып оқушысы Ермек Шырай болды. Ол анасының жұмысына барып, бір күндік жұмысымен танысып қайтты. Шырайдың анасы бухгалтерлік қызмет атқарады. Осы арналған күн арқылы Шырай анасы қандай жұмыс атқарады, бухгалтерлік мамандық қандай болатыны туралы, анасының күнделікті жұмыс күні қалай өтетіні туралы барлық ақпараттармен танысып қайтты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Садыкова Н.А
"4 "В" сынып оқушысы Ермек Мансұрдың өзінің бақытты отбасы жайлы жасаған бейнеролигын ұсынады
15
май
2023
"4 "В" сынып оқушысы Ермек Мансұрдың өзінің бақытты отбасы жайлы
"Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі" КММ «Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Сондықтан бақытты отбасында тәрбиеленген бала болашақта да өз бақытты отбасын құрай алады деуге болады. "4 "В" сынып оқушысы Ермек Мансұрдың өзінің бақытты отбасы жайлы жасаған бейнеролигын ұсынамыз. Сынып жетекшісі: Мухаметрахимова А. Е
15-мамыр Халықаралық отбасы күнін 3 "А" сынып оқушысы Серикова Аружан отбасымен бірге атап өтті.
15
май
2023
15-мамыр Халықаралық отбасы күнін 3 "А" сынып оқушысы Серикова Аружан
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі"КММ 15-мамыр Халықаралық отбасы күні болып аталып өтіліп жатқаны тегін емес. "Отбасы-кішкентай мемлекет"-деп бекер айтылмаған.Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болары қақ.Бала өзінің ата-анасымен бақытты. 3 "А" сынып оқушысы Серикова Аружанның отбасы нағыз бақытты жандар. Олар үлгілі,берекелі көпбалалы жанұя.Аружанның отбасын осы айтулы күнмен құттықтап, бақыт тілеймін. Сынып жетекшісі:Дырымбаева Г.Қ.
15 мамыр "Халықаралық Отбасы күні" мерекесі қарсаңында 7 "Б"сыныбы оқушылары бейнеролик ұсынады.
15
май
2023
15 мамыр "Халықаралық Отбасы күні" мерекесі қарсаңында 7 "Б"сыныбы
"Оралхан Бөкей атындағы#44 лицейі" КММ "Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Ата – ана – өмірдегі ең қымбат адамдар. Олар бізді жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке