Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық "Отбасы күні" мерекесі қарсаңында 1 "А" сынып оқушысы Кенжебекова Рамина Руслановна өз бейнеролигін ұсынады.
17
май
2023
Халықаралық "Отбасы күні" мерекесі қарсаңында 1 "А" сынып оқушысы
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Отбасым бақытты, тату, қарапайым жанұя. Біз саябақта, табиғат аясында демалғанды жақсы көреміз. Менің отбасым-байлығым, мақтанышым!!! Мен отбасымды жақсы көремін.Халықаралық "Отбасы күні" мерекесі қарсаңында 1 "А" сынып оқушысы Кенжебекова Рамина Руслановна өз бейнеролигін ұсынады. Сынып жетекшісі : К.С.Кошербаева
Отбасы - тарбие басы тақырыбына  5 "А" сыныбында қызықты тәрбие сағаты өтті.
17
май
2023
Отбасы - тарбие басы тақырыбына 5 "А" сыныбында қызықты тәрбие
"О.Бөкей атындағы №44 лицей" КММ Отбасы - тарбие басы тақырыбына 5 "А" сыныбында қызықты тәрбие сағаты өтті. Отбасының өздері үшін маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар "Өрмекші торы", "Досымды таптым" деген ойындарға катысып, бір біріне тілек айтты. Суреттер салып,постер қорғады. Достар, отбасымызды бағалайық! Сіздер бар болғандарыңыз үшін рақмет! Сынып жетекшісі: Ахауова Ж. А.
6”А” сыныбының оқушылары бос уақыт кезінде үзілісті көңілді, тиімді өткізу мақсатына байланысты қызықты ойындар ұйымдастырылды.
17
май
2023
6”А” сыныбының оқушылары бос уақыт кезінде үзілісті көңілді, тиімді
“Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі” КММ 6”А” сыныбының оқушылары бос уақыт кезінде үзілісті көңілді, тиімді өткізу мақсатына байланысты қызықты ойындар ұйымдастырылды. Ойындар оқушылардың сыйластығын,бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын, ұйымшылдығын, алға қарай жылжуға деген ұмтылысын арттырды. Ойын барысында оқушылар ойын ережесін сақтап, ұйымшылдықтарын көрсете білді. Ойындарды қызыға ойнап, оқуға деген ынталары, зейіндері арта түсті. Сынып жетекшісі: Қалиолла Г.
15 мамыр "Халықаралық Отбасы күні" мерекесінмен құтықтай отырып, 6 "А" сынып оқушылары "Бағым да, байлығым да отбасым" атты бейнеролик ұсынады.
17
май
2023
15 мамыр "Халықаралық Отбасы күні" мерекесінмен құтықтай отырып, 6
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ  "Отан отбасынан басталады" деген нақылдан-ақ қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне қаншалықты мән беретінін аңғаруға болады. Ұрпақ санасына өнеге сіңірудегі отбасы рөлі қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесінен де артық. Себебі жанұяның жылуын, одан берілетін мейірім-шапағатты ештеңе алмастыра алмайды. Баршаңызды 15 мамыр "Халықаралық Отбасы күні" мерекесінмен құтықтай отырып, 6 "А" сынып оқушылары "Бағым да, байлығым да отбасым" атты бейнеролик ұсынады.
10-"Ж", 6-"Б", 6-"Г", 5-"А", 8-"А" сыныптары "Ғажайып мекен" аллеясын абаттандыру жұмыстарын жасады.
17
май
2023
10-"Ж", 6-"Б", 6-"Г", 5-"А", 8-"А" сыныптары "Ғажайып мекен" аллеясын
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" 10-"Ж", 6-"Б", 6-"Г", 5-"А", 8-"А" сыныптары "Ғажайып мекен" аллеясын абаттандыру жұмыстарын жасады. Аталған жұмысты атқаруда оқушылар өздерінің ұйымшылдығын көрсете білді. Сонымен қатар ата-аналар тарапынан да көмек көрсетілді. Мұндай шаралар оқушыларды еңбекті сүюге, біреудің еңбегін бағалауға тәрбиелейтіні сөзсіз. Жауапты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.А.Құйқалақова
16 мамыр күні лицейдің 9-сынып оқушылары “Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер колледжіне” барып қайтты.
17
май
2023
16 мамыр күні лицейдің 9-сынып оқушылары “Халық әртістері ағайынды
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицей» КММ 16 мамыр күні лицейдің 9-сынып оқушылары “Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер колледжіне” барып қайтты. Онда барудағы негізгі мақсат: сол колледждің 4-курс студенті, халықаралық байқаулардың жеңімпазы, лицей түлегі болған Мұрат Шынардың концертіне қолдау білдіру. Шынар жастайынан фортепианода шебер ойнап, құлақ құрышын қандырып, бүгінгі таңда талайды таңдай қақтырған өнер иесі екенін дәлелдеді. Бүгінгі болған кеш рухани, әсерлі, музыканың үні арқылы түрлі
менің атым Капезов Ильяс 11”Ж” сынып оқушысымын.ҰБТ-ға Дайындық ретінде “Достық “ білім беру орталығына қатысамын
17
май
2023
менің атым Капезов Ильяс 11”Ж” сынып оқушысымын.ҰБТ-ға Дайындық
Бәріне сәлем, менің атым Капезов Ильяс. Мен 44 лицейінің 11”Ж” сынып оқушысымын. Болашақта дәрігер болғандықтан химия және биология пәндерін тандадым. Дайындық ретінде “Достық “ білім беру орталығына қатысамын. Болашақта болатын грант ҰБТ-сында жоғары балл алуды үмітенемін.
Лицейімізде 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай “Бұрымды қыз” атты байқау ұйымдастырылды.
16
май
2023
Лицейімізде 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай “Бұрымды қыз”
“Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі” КММ Білектей арқасында өрген бұрым, Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын…. – деп, Абай атамыз жырлағандай, қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Байқаудың мақсаты: қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу . Байқау 4 кезеңнен тұрды: 1. “Мен қазақтың қызымын” 2. “Шаш өру формуласы 3.
4"Б" сынып оқушысы Қабылқан Ерден ата-анасының өнегелі тәрбиесі нен нәр алып ,өсіп келе жатқан текті отбасының баласы
16
май
2023
4"Б" сынып оқушысы Қабылқан Ерден ата-анасының өнегелі тәрбиесі нен
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі" КММ 4"Б" сынып оқушысы Қабылқан Ерден алтын құрсақты Батыр әжесінің және Отанына адал қызмет атқарып жүрген үлгілі ата-анасының өнегелі тәрбиесі нен нәр алып ,өсіп келе жатқан текті отбасының баласы.Ол оқуда озат, футболдан Республикалық сайыстардың бірнеше дүркін жүлдегері. Ерденнің отбасына бақ-береке тілей отырып, еліміздің атпал азаматы болатынына зор сенім білдіремін! Сынып жетекшісі:Рахимжанова Данара Мусратовна
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай    "Өнегелі отбасы- қоғам байлығы" атты шара өтті.
16
май
2023
15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай "Өнегелі отбасы- қоғам
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай отбасылық құндылықтарды, ата - ана мен баланың арасындағы ынтымақтастық, сүйіспеншілік, жауапкершілік сезімдерін дәріптеу мақсатында  лицейімізде "Өнегелі отбасы- қоғам байлығы" атты шара өтті. Қатысқан 4 үлгілі отбасы ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсірудегі өз тәжірибелерімен бөлісті, «Өнегелі отбасы» моделі қандай болу керек екенін көрсетті, өнерлерін ортаға салды. Тағылымы мол шараға атсалысқан