Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7232) 57-03-13
Есепші бөлімі:
+7(7232) 74-12-12
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тәуелсіздік күніне орай 7-8 сынып оқушылары арасында шахмат спорты бойынша Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
19
декабрь
2023
Тәуелсіздік күніне орай 7-8 сынып оқушылары арасында шахмат спорты
Шығыс Қазакстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы N° 44 лицейі» КММ 2023 жылдың 6 желтоқсан күні Өскемен қаласында Тәуелсіздік күніне орай 7-8 сынып оқушылары арасында шахмат спорты бойынша Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті. Жарыс қорытындысы бойынша қашықтықтан N° 44 лицей 3 орынға ие болды. Лицейіміздің командасы кубок және дипломдармен марапатталды. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Дене шынықтыру бойынша педагог
2023 жылдың 9-10 - желтоқсанында Қала мектептерінің  9-11 сынып қыздары арасында гандбол спорт түрінен  мектеп лигасы өтті.
19
декабрь
2023
2023 жылдың 9-10 - желтоқсанында Қала мектептерінің 9-11 сынып
Шығыс Қазакстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы N° 44 лицейі» КММ 2023 жылдың 9-10 - желтоқсанында Қала мектептерінің 9-11 сынып қыздары арасында гандбол спорт түрінен мектеп лигасы өтті. Лицей оқушылары қызықты да, тартысты ойын көрсетіп, командалық есепте 3 орынға ие болды. Оқушыларымызды алған жетістіктерімен құттықтаймыз. Биік шыңдардан көріне беріңіздер. Дене шынықтыру бойынша педагог ұйымдастырушы: Тоқтаған И.О Дене шынықтыру
7-“Б” сынып оқушылары барлық ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.
19
декабрь
2023
7-“Б” сынып оқушылары барлық ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды
«Оралхан Бөкей атындағы №44лицейі» КММ 7-“Б” сынып оқушылары барлық ұстаздарды, ата-аналарды және оқушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды. Бүгінгі ең асыл, ең құнды қазынамыз Тәуелсіздік күні құтты болсын!!! Тәуелсіз елдің жас ұрпақтары саналатын баршаңыздың аялап өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың болашағы жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныштықта, бейбітшілігіміз мәңгілік жасай берсін! Сынып жетекшісі : Думанқызы Н. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #центрыпедагогическойподдержки
9 "Ж" сынып оқушыларының "16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне" арналған видио құттықтау
19
декабрь
2023
9 "Ж" сынып оқушыларының "16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі"КММ 9 "Ж" сынып оқушыларының "16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне" арналған видио құттықтау. Сынып жетекшісі: Калижарова З.Ж. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #центрыпедагогическойподдержки #даналықмектебі
4 "А"сынып ата-аналары мен оқушыларының құттықтауын назарларыңызға ұсынамыз.
19
декабрь
2023
4 "А"сынып ата-аналары мен оқушыларының құттықтауын назарларыңызға
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі"КММ Найзаның ұшымен, білектің күшімен келген, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымызды еске ала отырып, 4 "А"сынып ата-аналары мен оқушыларының құттықтауын назарларыңызға ұсынамыз. Сынып жетекшісі: Дырымбаева Г.Қ. #біртұтас_тәрбие #medetbekovameruert #центрыпедагогическойподдержки #даналықмектеб
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен 3 "А" сыныбының оқушылары  құттықтауын жолдайды.
19
декабрь
2023
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен 3 "А" сыныбының оқушылары құттықтауын
"Оралхан Бөкей атындағы N44 лицейі" КММ Бабамның да арманы, Осы еді ғой аңсаған. Тәуелсіздік таңдары. Бақ береді баршаға! Тәуелсіздік - бұл ата - бабамыздың сан жылдар бойы аңсаған күні. Жалындаған жастарымыздың бастамасымен 16 Желтоқсан күні Тәуелсіздігімізге қол жеткізді.Бұл күні тәуелсіздік жолында құрбан болған жастарды есімізге ала отырып, баршаңызды Тәуелсіздік күнімен 3 "А" сыныбының оқушылары құттықтауын жолдайды. Тәуелсіздік күні құтты болсын !!! Сынып жетекшісі: Халидуллина С.И.
Құрметті қазақ елі сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
19
декабрь
2023
Құрметті қазақ елі сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі" КММ Құрметті қазақ елі сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 32 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем,
13 желтоқсан күні  Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының киелі сахнасында  лицейіміздің жас өнерпаздары «Қасқыр ұлыған түнде...» қойылымын сомдады.
19
декабрь
2023
13 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының киелі
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ 2023 жылдың 13 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының киелі сахнасында лицейіміздің жас өнерпаздары «Қасқыр ұлыған түнде...» қойылымын сомдады. Іс-шарамыздың қадірлі қонақтары қатарында -қалалық білім бөлімінің басшысы Алагузова С.Б.; ШҚУ ректоры Төлеген М.Ә. және де ата-аналар, лицей оқушылары мен мұғалімдері болды. Талантты оқушыларымыз нағыз актерлердей жоғары деңгейде өнерлерін көрермендерге паш етіп, жоғары бағаға, ықыласқа бөленді.
4 "Г" сыныбында  бастауыш сыныптар кафедрасының апталығы аясында әдебиеттік оқу пәнінен "Ата-баба мұрасын құрметтейміз" атты тақырыпта ашық сабақ өтті
19
декабрь
2023
4 "Г" сыныбында бастауыш сыныптар кафедрасының апталығы аясында
"Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі"КММ 4 "Г" сыныбында бастауыш сыныптар кафедрасының апталығы аясында әдебиеттік оқу пәнінен "Ата-баба мұрасын құрметтейміз" атты тақырыпта ашық сабақ өтті. Сабақта балалар "Галереяға саяхаттап" қазақтың ұлттық салт-дәстүрімен кеңінен танысты. Өз білімдерін ортаға салып, топпен әртүрлі деңгейдегі шығармашылық тапсырмалар орындап, сабаққа аса жоғары белсенділікпен қатысты. "Plickers" әдісі арқылы әр оқушы алған білімдерін шыңдап, өздеріне әділ де, шынайы баға