19
декабрь
2023
13 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының киелі сахнасында лицейіміздің жас өнерпаздары «Қасқыр ұлыған түнде...» қойылымын сомдады.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2023 жылдың 13 желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының киелі сахнасында лицейіміздің жас өнерпаздары «Қасқыр ұлыған түнде...» қойылымын сомдады. Іс-шарамыздың қадірлі қонақтары қатарында -қалалық білім бөлімінің басшысы Алагузова С.Б.; ШҚУ ректоры Төлеген М.Ә. және де ата-аналар, лицей оқушылары мен мұғалімдері болды. Талантты оқушыларымыз нағыз актерлердей жоғары деңгейде өнерлерін көрермендерге паш етіп, жоғары бағаға, ықыласқа бөленді. Құрметті қонағымыз Сауле Бауыржанқызы да балаларымыздың өнеріне тамсанып, биік белестерді бағындырып, биік жетістіктерге жетулерін тіледі. Кеш соңында оқушыларымыз Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының бас директоры Қайырсынов Руслан Қайырбекұлының атынан Алғыс хаттармен марапатталды