23
январь
2026
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі КММ Бүгін лицейімізде 11 «М» сыныбының ата-аналар жиналысы мазмұны терең, әсері зор, жүрекке жететін ерекше форматт
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі КММ
Бүгін лицейімізде 11 «М» сыныбының ата-аналар жиналысы мазмұны терең, әсері зор, жүрекке жететін ерекше форматта ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында ІІ тоқсанның қорытындысы талданып, оқушылардың оқу үлгерімі мен жетістіктері айтылды. Сонымен қатар, аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық мәселелері кеңінен қарастырылып, алдағы маңызды кезеңге жүйелі жоспар ұсынылды.
Лицейдің ішкі тәртібі, сондай-ақ «Заң және тәртіп» айлығы аясында қауіпсіздік шаралары бойынша ата-аналарға маңызды ескертулер жасалды. Оқушылардың қауіпсіздігі, жауапкершілігі және тәртібі – ортақ міндет екені тағы бір мәрте атап өтілді.
Жиналыстың ең әсерлі сәті — оқушылардың ҰБТ алдында ата-аналарына жазған алғыс хаттарын оқу болды. Балаларының жүрекжарды сөздерін тыңдаған ата-аналардың көздеріне жас алып, тебіреніске толған сәті кештің маңызын арттыра түсті.
Сынып жетекшісі ҰБТ қарсаңында оқушыларға ата-ананың моральдық әрі психологиялық қолдауы аса қажет екенін атап өтіп, ата-аналарды балаларына сенім, мотивация және жылы сөз сыйлауға шақырды.
Бұл жиналыс — тек қорытынды жасау емес, оқушы – ата-ана – мектеп арасындағы рухани байланысты нығайтқан, бір мақсатқа жұмылдырған маңызды кездесу болды.
Балаға берілген сенім — оның болашаққа жасаған ең мықты қадамы!
Сынып жетекшісі: Саматова Г.С