28
ноябрь
2025
2023 жылғы түлегіміз, үздік аттестат иегері Арданбекқызы Арна бүгінде қай ортада жүрсе де білім ордамыздың абыройын асырып, жас ұрпаққа үлгі болып кел
2023 жылғы түлегіміз, үздік аттестат иегері Арданбекқызы Арна бүгінде қай ортада жүрсе де білім ордамыздың абыройын асырып, жас ұрпаққа үлгі болып келеді. Ол Орта Азияның "Үздік студенті" атағын иеленіп, таланты мен еңбегінің арқасында аймақтық деңгейде мойындалған жас көшбасшылардың қатарынан көрінді.
Арна жастар саясатының дамуына елеулі үлес қосып жүрген белсенді тұлғалардың бірі. Әлеуметтік бастамаларға атсалысып, жастардың құқықтары мен бастамаларын қолдауға бағытталған жұмыстары үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына ие болды. Сонымен қатар, қоғамға жасаған қайырымды істері мен еріктілік қызметі үшін "Жыл волонтері" номинациясын жеңіп алды.
Соңғы 3 жыл ішінде Арна қоғамдық өмірге белсене араласып, жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған жобаларға үлес қосты. Оның еңбегі - жігерлі жастың үлкен мақсатқа ұмтылса, биікке шыға алатынының дәлелі.
Біз Арнаның табыстарын зор қуанышпен атап өтеміз. Бұл - лицейіміз үшін үлкен мақтаныш!
Құттықтаймыз, Арна! Жетістіктерің арта берсін, тұлғалық жолың әрдайым жарқын болсын!