08
октябрь
2025
Арданбекқызы Арна - 2023 жылғы түлегіміз, қызыл аттестат иегері, қоғам белсендісі.

Қазіргі таңда Арна — болашақ бастауыш білім беру мұғалімі, білім жолында табандылықпен еңбек етіп, қоғам өміріне белсене араласуда. Ол — Орталық Азияның үздік студенттерінің бірі, көптеген жетістіктер мен марапаттардың иегері.
Жақында ғана Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай мұрасы – ұрпаққа аманат» облыстық байқауында «Абайдың шығармалары бойынша эссе жазу» бағыты бойынша I орын иеленіп, ақшалай сыймен марапатталды!
Қыркүйек айында өткен ALTAY INVEST 2025 халықаралық инвестициялық форумында пресс-бөлімде қызмет атқарып, тәжірибе мен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.
Сонымен қатар Арна — қалалық волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі, жастар саясатының белсендісі. Қоғам өміріне өз үлесін қосып, еріктілік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп жүр.
Арнаға жаңа табыстар мен биік белестер тілейміз!