30
апрель
2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткізілген «Жігіт сұлтаны – 2025» байқауынан жүлделі орын!
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Қаламыздың 8–10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны – 2025» байқауында лицейіміздің 9 «Б» сынып оқушысы Тоқтаров Нұрислам қатысып, өзінің сегіз қырлы, бір сырлы екенін дәлелдеді. Өнер мен білім сынға түскен кезеңдерден сүрінбей өткен Нұрислам нағыз мықтыларды анықтайтын спорттық сайыс кезеңінде де алға суырылып шығып, жерден 50 рет тартылып, үздік нәтиже көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша Нұрислам 2-орын иеленді.
Бұл – тек біздің лицей үшін ғана емес, жас буынның рухани дамуына арналған тамаша үлгі. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алда бұдан да биік белестерді бағындыра бер!
#Біртұтас_тәрбие
Тәрбие бөлімі
Сынып жетекшісі, Серикбаева Г.