А.У.Бельдеубаева 2 сынып математика пәнінен «Жазық фигуралардың модельдерін бөліктерге бөлу. Олардан композиция құрастыру», Дәулетханова І.Т 2 сынып қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбында ашық сабақ өткізіп іс – тәжірибелерімен бөлісті. Семинарда әріптестерімізді сергіту мақсатында Бекишова К. А, Далаева Н. Т «Quiz» танымдық ойыны өткізді. Кері байланыста семинарға қатысушылар құндылыққа байланысты көп мағұлмат алып, әдіс тәсілдерді өз қоржындарына салғанын айтып, рақметтерін жаудырды.
Оқу ісінің меңгерушісі Г.Б Жаныбекова