09
декабрь
2022
« 4- сынып оқушыларын ББЖМ-ге (кешенді тестілеуге) дайындау» тақырыбында қалалық семинар өтті.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
2020 жылдың 7 желтоқсан күні қазақ тілінде оқытылатын бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған « 4- сынып оқушыларын ББЖМ-ге (кешенді тестілеуге) дайындау» тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: 4- сынып оқушыларының функционалды сауаттылығының деңгейін анықтауда (ББЖМ-ге кешенді тестілеуге) алған білімі мен дағдыларды өмірлік жағдайда қолдануына бағыттау негізінде іс – тәжірибемен бөлісу. Семинарға қала мектептерінен 28 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар аясында Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар мен шеберлік сынып өткізді. Ашық сабақтарда мұғалімдер қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, жаратылыстану пәндерінде оқу сауаттылығына, математикалық сауаттылыққа және ғылыми – жаратылыстану сауаттылығына яғни ББЖМ- не дайындау жолдарын көрсетті. Ал шеберлік сыныпта ББЖМ –не оқушыны дайындау,ата – анаға кеңес беру жолдарын және жоғарғы нәтиже көрсетуде бүгінгі заман талабы АКТ ресурстарын , әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып оқушы қызығушылығын қанағаттандыруда жасаған жұмыстарын көрсетіп, іс – тәжірибелерімен бөлісті.Семинарға қатысушыларға ББЖМ –не дайындау ұсыныстары берілді және ұйымдастырылуына жоғарғы баға беріп,рақметтерін айтты.