16
апрель
2025
15.04.25 күні лицейімізде 10-11 сынып ата-аналарының қатысуымен жиналыс өтті. Жиын ерекше форматта, еркін әрі бейресми түрде ұйымдастырылып, өзара пік
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Болашақты таңдау – ертеңгі күнді ойлау» тақырыбында кәсіптік бағдар беру жұмысы.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы оқушылар мен ата-аналарға жоғары білім беру жүйесі мен болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңыздылығы жайлы кеңінен түсіндіріп, пайдалы ақпараттармен бөлісті.
Жиын барысында ата-аналар С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенттерінің дайындаған шағын концерттік бағдарламасын тамашалап, оқу орнының шығармашылық әлеуетімен де танысты.
2. «Ата-аналар мен балалар өмірінің қауіпсіздігі».
Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицерлері Қапаев Аслан Сайранханович пен Ибраев Еркебулан ата-аналарға төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдарын айтты.
3. «Бала – ертеңгі күннің болашағы».
Солжағалау полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, лейтенант Смагулова Аида Алибековна жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік және ата-аналармен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығы жөнінде айтып өтті.
Бүгінгі кездесуден барша қатысушылар көптеген пайдалы мәлімет алып, алдағы уақытқа тың серпінмен тарқасты.