02
апрель
2025
Құқықтық сауаттылық – қоғам қауіпсіздігінің кепілі
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
1 сәуір күні лицейімізде Солжағалау полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық тобының аға жедел уәкілі, полиция майоры Укенов Данияр Алтаевич 5, 9, 10, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуге директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухажанова М.А. да қатысып, оқушыларға құқықтық жауапкершілік, заң талаптары және тәртіп сақтаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен тәртіпсіздіктің зардаптары, түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдары талқыланды. Сондай-ақ, полиция майоры Данияр Алтаевич жасөспірімдерді заңға бағынуға, өз қауіпсіздіктеріне жауапкершілікпен қарауға шақырып, олардың сұрақтарына жауап берді.
Оқушылар үшін бұл кездесу пайдалы әрі танымды болды.
#birtutas_tarbie