20
апрель
2023
Алтайұлы Алмас және Солғажағалау полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор Сейілханова Асемнің қатысуымен кездесу өтті.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ
2023 жылдың 19 сәуір күні 9-10 сынып оқушыларына - Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Алтайұлы Алмас және Солғажағалау полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор Сейілханова Асемнің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, қоғамдағы орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды әлеуметтік желілерде тарату, бөгде адамның ар-ожданына тіл тигізбеу, бопсалау, қатігездікке жол бермеу т.б. тақырыптарын мамандар тереңнен түсіндірді. Қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және заңдарға тоқталып, баланың басты міндеті мен мақсаты сапалы білім алу екендігін айтып өтті.
Мамандармен кездесу оқушыларға пайдалы болды деп санаймыз!