24
декабрь
2024
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ «Мың алғыс саған, Әліппе!» 24 жылдың 19 желтоқсаны 1 «В» сынып оқушылары үшін ерекше әрі әсерлі күн болды.
“Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі” КММ
«Мың алғыс саған, Әліппе!»
24 жылдың 19 желтоқсаны 1 «В» сынып оқушылары үшін ерекше әрі әсерлі күн болды. Олар алғашқы білім жолында серік болған сүйікті Әліппесімен қоштасып, жаңа белестерге қадам басты.
Ертеңгілік барысында балалар өз өнерлерін ортаға салды. Шығармашылық қойылымдар, жаттаған өлеңдер мен әсем әндер арқылы олар Әліппеге алғыстарын білдірді. Әр оқушының көзі қуанышқа, жүздері мақтанышқа толы болды.
Әліппені табысты аяқтаған оқушылар енді Ана тілі оқулығымен достасады. Бұл – олардың жаңа білімдерді игеріп, үлкен табыстарға жетуге деген сенімін арттыратын жаңа кезеңнің бастауы. Оқушыларыма ақ жол тілей отыра, алдағы уақытта тек биік белестерден көріне беріңдер дегім келеді.
Сынып жетекшісі: Советова Мейрамгуль Ергазыкызы