24
май
2023
2023 жылдың 20-мамырында Өскемен қаласы бойынша білім беру мекемелері арасында өткен қалалық спорт лигасында біздің лицей 1-орынға ие болды
2023 жылдың 20-мамырында Өскемен қаласы бойынша білім беру мекемелері арасында өткен қалалық спорт лигасында «Оралхан Бөкей атындары N° 44 лицейі» КММ 1-орынға ие болды. Мектеп лигасында бас төреші болған Рамазанов Сақыбай Мантаевич: “Біз Олимпиада ойындарында жеңіске жеткендей эмоцияда болдық. Бұл жеңіске жету жолында ұстаздар мен оқушылар тынымсыз еңбек етті. Лицейіміздің бірінші орынды жеңіп алғаны туралы хабарлағанда оқушылар керемет қуанып, спортта жаңа белестерді бағындыруға деген ынталары арта түсті. Лига жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. ( 5 волейбол добы, 5 баскетбол добы, 5 футбол добы, 5 гандбол добы, шахматтар мен тоғызқұмалақ)
Жеңісіміз тұғырлы болсын, шәкірттеріміз биіктерден көріне берсін!
Дене шынықтыру бойынша педагог-ұйымдастырушы: Тоқтаған И.О
Жеңісіміз тұғырлы болсын, шәкірттеріміз биіктерден көріне берсін!
Дене шынықтыру бойынша педагог-ұйымдастырушы: Тоқтаған И.О