20
декабрь
2024
Лицейімізде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 192 бұйрығы бекітілген «Озық педагогикалық тәжірибені тарату және е
Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі КММ
Дөңгелек үстелге №50 жалпы білім беретін мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты. Дөңгелек үстел барысында төмендегі сұрақтар талқыланды: 1.Әдістемелік бірлестіктің нормативтік құжаттарын қалай ұйымдастыруға болады? 2. Білім алушылардың жұмыс дәптерлерін қалай тексереміз, қойылатын талаптар қандай? 3. Әдістемелік пән бірлестіктердің онкүндігін қалай ұйымдастыруға болады? 4. Дарынды және таланты оқушылармен жұмысты ұйымдастыру, олимп резервтерін дайындау. 5. Жас мамандармен жұмысты қалай ұйымдастырамыз? Әдістемелік бірлестік жетекшілері К.Б.Шуленова, А.Н.Туменбаева, Ж.Т.Тусупбекова, Қ.Б. Рахымжанова,С.М.Имашбаев және"Жас маман"мектебінің жетекшісі Н.Б.Бекжанатова өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. №50 жалпы білім беретін мектебінен келген әріптестеріміз өздеріне қажетті көп мағұлматтар алғаны туралы кері байланыс жасап, алғыстарын айтты. ДОІЖО:Жаныбекова Г, Куралханова С