24
ноябрь
2024
Бүгін лицейімізде "Бір тұтас тәрбие" бағдарламасын жүзеге асыру барысында «Ағадан — ақыл, Ініден — ізет» тақырыбында, Даналық мектебінің жұмыс жоспар
"Оралхан Бөкей атындағы #44 лицейі"КММ
. Кездесуіміздің басты қонағы жерлесіміз ақын-сазгер, әнші, мәдениет қайраткері, ысқақ жазушы, актер, режисер, мықты ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ШҚУ-нің құрметті доценті, Қазақстан-Америка еркін университетінің профессоры, Күршім ауданының құрметті азаматы Нәбиолда Салихұлы Кемешев ағамыз келді.Бұл кездесуге лицейіміздің 6,7,8 сынып оқушыларының ішінен ер балалар қатысты. Кездесуге Нәбиолда Салихұлы өзінің нар тұлғалы аталарымызбен, асыл әжелерімізден құрылған ансамбльі мен келді, өз өнерлерімен тәнті етті. Бұл кездесу бізге тек жақсы көңіл-күй ғана сыйлап қоймай , ақыл-кеңес алып, санадағы сұрақтарымызға жауап алуға көмегін тигізді.
Ұйымдастырған:”Қайсар” клубының жетекшісі: Дутбаев Жарқын Тоқтарұлы
Әлеуметтік педагог: Ахет Әл-фараби Рысбекұлы
Ұйымдастырған:”Қайсар” клубының жетекшісі: Дутбаев Жарқын Тоқтарұлы
Әлеуметтік педагог: Ахет Әл-фараби Рысбекұлы