21
ноябрь
2024
"Оралхан Бөкей атындағы Nº44 лицейі”КММ Біртұтас тәрбие айында өткізіліп жатқан "Өнегелі 15 минут" шарасы
күнделікті өмірде қолданылып келеді.
Өнеге дегеніміз- ұлағатты адамдардың ұрпаққа көрсететін үлгісі. Өнеге адамдардың, тәлім-тәрбиелігі, үлгілілігі,
саналылық ережелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Ұрпаққа өнеге керсететін иманды, зерделі, инабатты жандардан шәкірттеріміз жақсылық пен
қайырымдылықты, адамгершілік пен ізеттілікті үйреніп, оны өздеріне үлгі тұтады. Біздің 4 “Г" сыныбының оқушысы
Иианмағзұм Айару да өз әжесімен
өткізетін алтын уақытында асыл әжесінің бойындағы жақсы
қасиеттерін бойына сіңіріп, өзіне мол
өнеге алуда.
Қазыналы қарттарымыз аман болып, жас
ұрпақтарымыздың алар үлгі-өнегесі көп
болсын!
Сынып жетекшісі: Н.А.Даутбекова
#біртұтас_тәрбие#